Мектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін, айырықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі сапасын жақсарту
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Макуова Нуршат Аманкосовна
|
I. Кіріспе
Баланың дене тұлғасының даму ерекшеліктерін
қалыптастыру.
II. Негізгі бөлім
1. Мектепалды даярлық тобындағы дене шынықтыру
жұмысына қойылатын талаптар.
2. Мектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін
айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек,
дене тәрбиесі сапасын жақсартудың тиімділігі.
III. Қорытынды
I. Кіріспе
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең бір маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан 2030»жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауаты » тармағында «Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасының, Мемлекеттік білім беру саласындағы саясаты тұжырымдамасының және денсаулықта сақтау туралы ұлттық бағдарламалар тұжырымдамасының қабылдануы жас ұрпақтың болашағын жақсартудың, оның педагогикалық негіздерінің талапқа сай елеулі орнықтырылуын айқындауды талап етіп отыр.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 95.5 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |