Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы.
Предмет:
|
Классному руководителю
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Елубаева Гульсезим Курмангазиевна
|
Здесь была ссылка на работу Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы. автора Елубаева Гульсезим Курмангазиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы. Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін ой-өрісін кеңейту, сана- сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер. Барысы: Әнұран. Мұғалім сөзі: Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болады. Қ.Р-ның азаматтары,сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны әні: Шәмші Қалдаяқов сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді.«Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді. 2006 жылы 7 қаңтарда халық санасына сіңіп, жүрегіне жылы ұялаған Шәмші Қалдаяқовтың әніне, Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған “Менің Қазақстаным» әні әнұран болып бекітілді. Ол алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы–1:2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Бектіту: 1. Сұрақтар: 1. Мемлекттік рәміздерге не жатады? 2. Әнұран авторы: 3. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы: 4. Елтаңбадағы Шаңырақ ненің белгісі: 5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер. 6. Лондын олимпиадасында неширет шырқалды? 7. Әлемге әнұрандымызды паш еткен олимпиада жүлдегерлері? 2. Сіз білесізбе? Қорытынды: Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты! Еліміздің болашағы өзімізбіз! Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болайық.
Тип материала:
|
Презентация Power Point (ppt)
|
Размер:
|
1.54 Mb
|
Количество скачиваний:
|
23
|
Просмотров: 143
Похожие материалы