Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Тақырыбы: «Мемлекеттік  рәміздер – ұлттық мақтанышым» Мақсаты: Білімдік мақсаты: Тарихтағы  таңбалар мен рәміз белгілердің пайда болуы және қазіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің туу тарихына және олардың авторларына тоқталу. Дамытушылық мақсаты: Рәміздерді салыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой – сараптамалық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу Қазақстанның әрбір азаматының борышы екенін ұғындыру. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар. Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка пәндері. Сабақтың барысы: 1. Әнұран орындалады. 2. Мұғалімнің сөзі: (Оқушылармен сәлемдесу. Бүгінгі сабақтың ерекшелігін атап өту.)       Жер бетіндегі мемлекет атаулының барлығында да шет елдерге өзіндік бет – бейнесін танытатын белгілері – ел нышандары (туы, елтаңбасы, әнұраны) болатыны белгілі.       Таңба түрік тайпаларында өте ерте заманнан – ақ қолданылады. Мәселен, қазақ таңбаларының ең көне түрі қола дәуіріндегі Беғазы – Дәндібай қазбаларынан табылған.       1466 жылы күз айында Сарыарқадағы Нұра өзені бойында көп халық жиналып жатты. Бұл сол кездегі қазақ рулары мен тайпалары басшыларының қазақ хандығын құру үшін тұңғыш бас қосуы болатын. Жиналғандар қазақ тайпаларының басын қосатын қазақ хандығы құрылсын деп шешкеннен кейін, келесі мәселеге көшті. Ол рудың өз таңбасын, белгісін анықтау. Мұндай белгі не үшін қажет. Ол кезде жайылым үшін, жер үшін, сауда жолдары үшін рулар арасында дау – жанжал жиі болып тұратын.Осындайда кімнің қандай рудан екенін білу үшін әр рудың өз таңбасы болғаны дұрыс еді.Халық жырауы Асан қайғы рудың белгісі деп таңба үлестірді.Қыпшаққа – айбалтаны,үйсінге – жалау,жалайырға – шылбыр,найманға – бақанды,арғынға – көзтаңбаны,адайға – садақ пен жебені т.с.с. Халық бұл жерді сол күннен бастап «Нұраның таңбалығы» деп атап кеткен.       Таңба белгілердің ең ертеден келе жатқандарының бірі – тулар. Туды адамдар ертеден – ақ пайдаланған. Тіпті, ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің сол кезге лайық тулары болған. Бертін келе ту жасау ісі жетіле түсті.       Матадан жасалған тулар мұнан үш мың жыл бұрын алғаш рет қытайлықтар мен үнділіктерде болған. Сол тұста Қазақстанда да тулар пайда бола бастады. Мұны суреттегі тулар және ондағы таңба белгілер дәлелдейді. (Экраннан ежелгі қазақ мемлекеттерінің тулары және ғұн жауынгерлерінің қытай әскерімен шайқасының суреті көрсетіледі.) Мына суретке мән беріп қарасаңдар, ғұн жауынгерінің қолындағы Бөрілі байрақты көреміз. «Бөрілі байрақ» деп ежелгі ғұндар мен түркілер көтерген байрақты атаған. Бұл байрақ үш бөліктен тұрады: ту,найза және оның ұшындағы ту байлар темір. Ту – жылқының қылы болса, найзаның ұшар басында алтыннан немесе жезден тақтайшаға бөрінің бейнесі салынған. Бөрі бейнесінің таңдалуы оның тотемдік қызметіне және оны ержүректілік бейнесі ретінде қабылдауға байланысты. Елбасылар мен қолбасшылар өз төңірегіндегі ең сенімді адамдарды да «Бөрі» деп атаған.       Қазақ жеріндегі кейбір ру – тайпа басшыларының өз тулары болған. Қазақ тарихында белгілі есімдер Жәнібек пен Керейдің, Қасым мен Есімнің, Тәуке мен Абылхайырдың өз тулары болғаны тарихтан белгілі. Мысалы, Абылайдың Ақ туы. Бұл айтылғандардың барлығы сонау ежелгі заманнан-ақ қазақ халқының өзіндік белгісі бар деген сөз.    Ал, балалар енді Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздеріне тоқталайық. Осы рәміздерге көптеген қазақ ақындары өлең – жырларын арнады. Солардың бірі Абзал Бөкеновтың өлең шумақтарынан үзінді тыңдайық.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 53 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 148

Похожие материалы