"МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР"М

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ерекшелігін зерделей отырып, халқымыздың ұлттық мұрасын жалғастырушы, оны әрі қарай дамытушы, патриот тұлғаның қолында екендігіне сендіру үшін жағдай орнату.

Міндеттері:

-Оқушылардың сезімдерін ояту арқылы өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу;

-Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық қарсаңында еліміздің қол жеткен табыстарын насихаттау;

-«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-кешенінің еліміз үшін атқарған еңбегімен таныстыру.

Көрнекілігі: слайд, жер шары макеті, «Бақытты болашақ» моделінің бөлшектері, «Көшпенділер» фильмінен үзінді.

Барысы:

І. Ұйымдастыру. Мұғалім сөзі:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман – деп қайсар ақын Қасым Аманжолов айтқандай, туған жеріммен мақтанамын.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 106.29 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 120

Похожие материалы