Мемлекеттік тілді білу – міндет

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл,  Өз тіліңді құрметте.   деп Қадыр Мырза Әлі ағамыз жырлағандай еліміз егемендік алып, көк байрағымыз көкте желбірегелі еліміз қарқынды дамып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артып келеді. Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші жинақтаушы қызметін атқарады. Біздің Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығында қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Осы сабақтардың нәтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Бұл көңіл қуантарлық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» және «әрбір қазақ ана тілін білуі-парыз, білмегені – ұят» деген сөздерін жалаң ұран ретінде пайдаланбай, оларды іс жүзінде жүзеге асыру боршымыз ғана емес, міндетіміз екенін бір сәтте де ұмытпауымыз керек. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» дегенді мемлекеттік қызметкерлерге міндеттегенде ғана оның өміршеңдігіне қол жетеді. Халықтың қаны мен жаны саналатын қазақ тілінің абройы мен беделі мәдениеттілігіміз бен елжандылығымыздың нышаны. Мен өз елімнің патриоты ретінде ең бірінші кезекте мемлекетті құрушы ұлт өкілдері-қазақтардың өзі бастап мемлекеттік тілдің абройын асқақтатуға ат салысуы керек. Мемлекеттік тілді білу мәртебесін арттыру барша қазақстандықтардың міндеті деп санаймын. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.67 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 205

Похожие материалы