Мемлекеттік тілдегі журнал

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сыныбы: 10 Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тілдегі журналдар Сабақтың міндеттері: 1)Білімділік: Мемлекеттік тілдегі журналдарымен  таныстыру 2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге,  қабілеттерін дамыту.  3) Тәрбиелік: Танымдық іс-әрекеттерін, өзіндік жұмыстарды тез  орындауға төсілдіру, іздену, ізденіс әрекеттерін қалыптастыру.  Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: іздену, өздік жұмыс, ой қозғау  Қажетті құралдар: жұмыс дәптері Сабақтың жоспары:  І. Ұйымдастыру  А)Оқушылармен амандасу Ә)Оқушыларды түгіндеу          ІІ. Үй тапсырмасын сұрау          ІІІ. Жаңа сабақ   Журнал – мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журнал газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды, өзінің ұстанған көркемдік бағытына орай қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал етеді. Мазмұны жағынан қоғамдық-саяси журнал, әдеби-көркем журнал, спорттық журнал, сатиралық журнал, өндірістік-техникалық журнал, ғылыми-көпшілік журнал, т.б. болып бөлінеді. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. бесінші қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Алғашқы журналдар, әр түрлі кітаптарға шолу жасап, көркем әдебиет, ғылым, көркемөнер, дін салаларындағы жаңалықтарды баяндаумен шектеледі. 19-ғасырдың екінші жартысында көпшілікке арналған аралас мазмұнды, безендірілген журналдар көбірек шығарылды. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап» 1911 – 15 ж. аралығында жарық көрді. Кейіннен «Садақ» (1917, татарша-қазақша), «Айна» (1918), «Мұғалім» (1919), «Қызыл Қазақстан» (1921 – 29, қазіргі «Ақиқат»), «Шолпан» (1921 – 24), «Әйел теңдігі» (1925 – 34, қазіргі «Қазақстан әйелдері»), «Жаңа мектеп» (1925 – 33, қазіргі «Қазақстан мектебі»), «Жаңа әдебиет» (1928 – 32, қазіргі «Жұлдыз»), т.б. журналдар жарық көрді. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді Дәптермен жұмыс 1.Жаңа тақырып бойынша сұрақттар құрастыру 2. «Бірлігіміз жарасқан байтақ елім» тақырыбына эссе жаз. IV.Қорытынды. V.Үйге тапсырма VI.Бағалау.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.22 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 113

Похожие материалы