«Менің атым Қожа»

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Қорытынды сабақ: Түбі адам болатын бала Сабақтың мақсаты: Білімділік: *Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру; *Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру; *Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету. Дамытушылық: *Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу; *Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту; *Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: *Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ Сабақтың типі: Бекіту сабағы Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.Сабақтың өтілу жоспары: 1. Мынау кім?  2. Оқиғалар тізбегі 3. Бұл қай сәт? 4. Теріп алу стратегиясы 5. Ой тастау 6. Өз-өзіңе есеп бер!Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а)Оқушыларды түгендеу; ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау; б)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;2. Үй тапсырмасын сұрау (тараулар бойынша мазмұндату) Автор, тақырып аясында сұрақтар мен тапсырмалар беру:1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы? “... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”2. Жазушының қандай шығармалары бар? - «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер? Менің атым Қожа Жанр: комедия, жанұялық Мемлекет : Қазақстан Шыққан жылы: 1963 Режиссер: Абдолла Қарсақбаев Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский Сазгер: Нұрғиса Тілендиев Кейіпкерлерді сомдаған: Қожа - Н.Сегізбаев Сұлтан - М.Көкенов Жанар - Г.Құрабаева Жантас - Е Құрмашев Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова Рахманов - Қ.Қожабеков Майқанова – Р.Мұхамедиярова Қожаның әжесі - З.Құрманбаева Бұл сурет туралы не білесің? Кейіпкерлер туралы әңгімеле Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз? Қашан, кіммен кездесті? Бұл сәтте қандай жағдай болып еді?3. Жаңа сабақты меңгерту 1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас) 2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова) 3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова) 4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова) 5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт) 6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов) 7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)Оқиғалар тізбегі (Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою) 1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын 2. Бақаның әлегі 3. Педсовет 4. Жолдама алған Жантас 5. Оқулық емес, қант аламын“Иесіне қайтар” ойыны (Сергіту сәті)Жауап берші, достым! 1.Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді? 2.Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым? 3.Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым, - тыныш жүр, балам.ұл қай сәт? Өз-өзін тәрбиелейді Үлкенді сыйлайдыҚожаның жағымсыз жақтары Тәртіпсіз,Аңқау,Өтірікші,СотқарОй тастау Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?Өз-өзіңе есеп бер!Үй тапсырмасын беру Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі мен Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу. “Менің қиялымдағы Қожа...” эссе жазып келу Бағалау Қорытынды
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.11 Kb
Количество скачиваний: 93
Просмотров: 212

Похожие материалы