Мен жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін.
Предмет: | Школьному психологу |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Лепесова Ақмарал Табынбаевна
|
Мен жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін.
Тақырыбы: Мен – жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін.
Мақсаты: «Мен» бейнесін айқындау. Оқушы бойындағы жағымды қасиеттерді ашып, жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау. Оқушыларды түрлі зерттеу жасау арқылы сапалы шешім қабылдай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: психодиагностикалық тренинг сабақ
Жұмыс түрі: Топпен жұмыс
Көрнекі құралдар: «Мен - жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін» сөзі, гүлдер алаңының суреті, гүлдер, көбелектер, карточка, қобдиша, айна.
Техникалық құралдар: Ноутбук, проектор, жылжымалы тақта.
Сабақтың жүрісі:
Мұғалім: Гүлдің бетіндегі көңіл-күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлылықты, жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын. Көңілді адамдардың бет-әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі. Көңіл – күй адамға қанат бітіреді. Көбелекті бейнелеген себебіміз семинарға келген қонақ апайларға өз бойларыңыздағы көңіл – күйді сыйлағандықтарыңыз қонақтардың жүзінде күннің шуағы төгіліп тұрғандай бөлмемізге жарық беріп, жүрегімізді жылытқандай. Осы керемет көңіл – күймен ары қарай сабағымызды жалғастырамыз.
2. «Сиқырлы қобдиша» тренингі.
(Тапсырманы орындау үшін қобдиша керек. Оның ішінде домалақ айна болады. Балалар дөңгеленіп тұрады).
Мұғалім: Балалар, қазір сендер мына қобдишаны бір-біріңе бересіңдер. Қобдишаны алған адам, оны ашып, ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай сиқырлы өзеннен сендер
жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек. Барлық оқушы қобдишаға қарап болған соң, мұғалім сұрақтар қояды.
Мұғалім: 1. Сендер жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Жан-жақты қайталанбайтын бейне кім болып шықты?
3. Сендер ол бейнеге күліп қарағанда ол сендерге қалай қарады?
4. Біз жан-жақты және қайталанбайтын бейнеге қандай көзқараспен қараймыз?
Мұғалім: Қорытынды ой-түйін: Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне екеніне көз жеткіздік. Сондықтан біз дұрыс көзқараспен, сыйластықпен қарым-қатынас жасауымыз керек. Өзінің және басқалардың өмірін жоғары тұтып, өзін және басқаларды қабылдай білу, бір-бірімізге шыдамдылықпен, төзімділікпен қарау керек.
3.«Өзін-өзі бағалау (психодиагностика) Мен қандаймын?
Мұғалім: Балалар, психология өзін тануға, бағалауға, өзге адамдармен тіл табысып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда көп білу, өзіңді жақсы жақсы сезініп жүруің үшін өзіңді тыңдап үйренуің керек. Өзіңді біл, өзіңді дамыт дей отырып «Мен қандаймын?» деген 10 сұраққа жауап береміз. Слайд №1
Слайд №2 Нәтижесін бағалау:
«Иә»-1 ұпай
«Жоқ»-0 ұпай
«Білмеймін, кейде»-0,5 ұпай
Слайд №3 Қорытынды «Өзін-өзі бағалау»
10 ұпай – өте жоғары
8 – 9 ұпай – жоғары
4 – 7 ұпай – орташа
2 – 3 ұпай – төмен
0 – 1 ұпай – өте төмен
(Әр баланың өзіне есептетіп, өзін қаншалықты бағалайтынын айту).
Слайд №4 1. Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.
Слайд №5 2. Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
Слайд №6 3. Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
Слайд №7 4. Бүгінгі сабақ ұнаса, аяқты еденге соғайық.
Слайд №8 5 . «Мен әдемімін» дегендер бір-біріне күліп қарасын.
Слайд №9 (Балалар дөңгеленіп тұрады)
Бәрі менің қолымда.
Хормен: Бәрі маған байланған
Бәрі менің қолымда.
Релаксация: Мен бақытты боламын.
Мұғалім: Балалар, естисіңдерме?
Бақтағы сайраған құстың дауысы.
Көзімізді жұмайық, бізді тағы да гүл бағы саяхатқа шақырып тұр. Бетімізге самал жел еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі келеді.
Қараңдаршы гүл бағында гүлдер қандай көп. Өзімізге ұнаған бір гүлді теріп алып, бүгінгі тренингте өзіңе ұнаған адамға сыйла.
Қызыл гүл - өмірге құштарлықтың, сары гүл – көңілді көңіл – күйдің,
ақ гүл – пәктіктің, көк гүл – нәзіктіктің белгісі.
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Қорытынды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 42 Kb |
Количество скачиваний: | 49 |