"Менің көшем"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: Менің көшем.

Мақсаты:

Білімділік.Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын бақылау. Оқылым,тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып,тілдесім әрекетіне жетелеу.

Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту. Тәрбиелік.Оқушылардың алған білімдерін орынды қолдануға баулу.

Көрнекіліктер: суреттер, тірек сызба

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:суретпен жұмыс,аудару,сұрақ- жауап,жұптық жұмыс.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Әнұран

3.Түгендеу.Сабақта кім жоқ? Бүгін нешесі? Қай күн?

Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІY. Жаңа сабақ.

Сөздікпен жұмыс.

1Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды ,оқушылар қайталайды.

2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау

а)мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә)Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма.Тақырып бойынша берілген жаңа сөздер мен сөз тіркесі бойынша жұмыс жасау.

2-тапсырма.Өтіліп отырған тақырып бойынша мәтінді сөйлесім әрекетінің барлық түрлерімен іске асыру.

3-тапсырма.Ережемен жұмыс. Көптік жалғауы туралы ережені егжей-тегжейлі түсіндіру. Көрнекілік бойынша бекіту.

4-тапсырма.О.Асауовтың өлеңімен мәнерлеп оқу сайысын өткізу.

5-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

6-тапсырма. Тапсырма бойынша оқушыларды тілдесімге баулу.

ҮІ. Сабақты бекіту.

1.Жаңа сөздерді доп арқылы қайталату.

ҮІІ. Сабақты қортындылау.

Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: - тапсырма, - бет, мәнерлеп оқу, сөз жаттау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 289 Kb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 237

Похожие материалы