Менің педагогикалық баспалдақтарым эссе

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бұл эсседе менің педагогикалық қызметімнің қиын да қызықты жолдары баяндалады. 

Қай уақытта болмасын ұлылықтың басында ұстаз тұрады. Ұстаз болу бұл менің бұдан 30 жыл бұрынғы алғаш мектеп табалдырығын аттаған кездегі арманым. Алғашқы ұстазым Қанзия  Жексенқызының үйреткенін үйрене отырып, менде келешекте ұстаз болуды армандайтынмын.

Орта мектепті бітіргеннен кейін арман қуып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі боламын деп Оралға аттандым. Жолым болмады. Ауылға оралдым. Мен мектеп бітірген 1993 жыл елімізде қоғамдық, саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер шиеленісіп тұрған кез. Кешегі 4-5 ке бітірген мен алтын ұя мектебіме келіп кіші қызеткер болып жұмысқа орналастым. Қорсынбадым еден жуып, от жақтым. Келесі жылы БҚМУ-дың тарих факультетіне сырттай оқуға түстім. Еңбек ете жүріп оқуымды аяқтадым. Негізінде мен өзімді қарапайымнан күрделіге ауысқан теңдеуге ұқсатамын. ЖОО-нын бітірдім, кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын да алдым.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 45 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 134

Похожие материалы