"Менің сүйікті жемісім" - сабақ жоспары.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Аубакирова Мадина Махмутовна
|
Павлодар қаласы
№ 9 жалпы білім беру гимназия – мектебі
ҚАЗАҚ ТІЛІ
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: «МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЖЕМІСТЕРІМ»
4 «в» СЫНЫП
МҰҒАЛІМ: Мадина Махмұтқызы Әубәкірова
2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті жемістерім 4 сынып
Сабақтың мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Міндеттері:
Сабақтың типі:Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың формасы: ұжымдық, жұппен, жеке.
Көрнекілік: слайд, жемістер суреттері, бейнесұрақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу,ойын,интербелсенді тақтамен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық. Сабақты бастамас бұрын, оқушыларды ұйымдастырып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алу.
Мысалы:
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, достарым!
Жамандықты тастайық
Сабақты бастайық!
2. Кезекшілермен сөйлесу.
- Сәлеметсіңдерме балалар!
- Қазір қандай сабақ?
- Қазір нешінші жыл?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Аптаның қай күні?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ. Үй жұмысын тексеру: 54 бет №2 тапсырма «Сүйікті тағамым-салат» мазмұндау, сұрақтар құрастыру.
Мәтін.
Салаттарды көкөністерден дайындайды. Оның көптеген түрлері бар. «Оливье», «Орамжапырақ», «Сәбіз» салаттары. Салатқа ет, майонез, қаймақ, аскөк, пияз, жүгері салуға болады.Салат-өте пайдалы тағам. Маған «Оливье» салаты ұнайды.
«Ыстық орындық» арқылы үй тапсырмасын тексеру. Яғни, бір оқушы тақтаға ыстық орындыққа отырып, қалған балалар сұрақтар қойяды. Ал орындықта отырған оқушы жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар жаңа сабаққа интербелсенді тақта арқылы шығады.
-Балалар қандай сөз шықты біздің сөзжұмбағымызда?
-«Жеміс».
Тексеріп көрейік, дұрыс па, бұрыс па.
--Жақсы, ал сендер қандай жемістерді білесіңдер? Сенің сүйікті жемісің қандай?
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Менің сүйікті жемісім». Бүгін сабақта біз мәтінменжұмыс істейміз, жаңа сөздермен танысамыз, деңгейлік тапсырмалар орындаймыз, суретпен жұмыс істейміз.
- Ал енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыбымызды жазайық.
- Балалар, тақтаған назар аударайық.аудиосөздікті мұқият тыңдаймыз.Ал енді мен орысшасын айтамын, ал сендер маған қазақшасың табасыздар. Осы сөздер арқылы біз сендермен сөйлем құрастырамыз.
Жаңа сөздер:
Сөздік.3gp
Домалақ-круглый
Жинау-собирать
Сопақ-овальный
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау:
ІҮ. Мәтінмен жұмыс. Аудиомәтінді тыңдау. Мәтін Жемістер.3gp(слайд).Мұқият тыңдаймыз. Ал енді мен сендерге осы мәтін бойынша сұрақтар қоямын. Ал сендер жауап беріңдер.
Ү. Сергіту сәті: бейнетаспа арқылыСергіту сәті. Мен қазақпын..mp4
Дәптермен жұмыс.
Деңгейлік тапсырмалар легін тарату.
1-тапсырма.«Жеміс» жекеше түрде тәуелдеу.
1-тапсырма.Бір жемісті алып септе.
1-тапсырма.Берілген мәтінге сұрақтар құрастыру.
Мәтін.
Жемістер.
Біздің үйдің жанында үлкен бақ бар. Бақта алма, алмұрт, өрік, алхоры өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жемістерді жинап аламыз.
Сабақты бекіту.
VI. Ой толғаныс.
Шашылған сөздер арқылы қандай жемістерді білетінін тексеру. Олар шашылған әріп арқылы анықтап, тексереді. Кейін жемісті сипаттайды.
VІІ. Ойын « Кім жылдам? » (жемістерді топтап себетке жинайды интербелсенді тақта арқылы)
Рефлексия. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы пікірлерін тақтаға смайликтер жабыстыру арқылы білдіреді.
Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттап келу.Сөйлем құрастыру.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі? Сурет мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу.
Қандай түсініктер игереді? Жемістердің атаулары, сұрақтарға жауап беруің.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері? Жаңа сөздердің мәнін түсіну, сұрақтарға жауап беру, сөйлемдер құру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 2.08 Mb |
Количество скачиваний: | 56 |