Менің үйренгім келеді

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
- Балалар, қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып болсақ барлықтарың назарларыңды маған аударыңдар? Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Себебі, бүгін біз сендердің үйренгілерің келетін, білгілерін келетін көптеген сұрақтарына жауап алатын боласыңдар. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінің неше айы бар? Қандай? - Көктем мезгілінің қандай ерекшелігі бар? - Балалар, сендер үйлеріңде ата-аналарына, әпкелеріңе көмектесесіңдер ме? Оларға қандай көмек бересіңдер? - Жарайсыңдар, балалар, ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз Экология оқу іс-әрекеті бойынша "Менің үйренгім келеді"деп аталады. - Балалар, сендер әлі кішкентайсыңдар. Сендердің үйренетіңдерін, білгілерін келетін нәрселерін өте көп. Енді біздің топтағы балалардың үйлерінде қалай жұмыс жасайтынын теледидардан көреміз. Жарай ма? Ендеше, біздің Іңкәр үйінде қалай көмек берер екен? Бәріміз бірге тамашалайық. Теледидардан видеоролик көру. - Жарайсың, Іңкәр сен анаңа өте көп көмек береді екенсің. Солай емес пе, балалар? - Енді, келесі кезекте Азамат әкесіне қандай көмек бергенін тамашалайық. - Балалар, біз теледидардан кімдерді көрдік? - Дұрыс айтасыңдар, балалар, сендер де әрдайым ата-аналарыңа көптеген көмек беріп, үйреніп жүріңдер.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 277.92 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 146

Похожие материалы