Менделеев - Клапейрон тендеуи
Предмет:
|
Физика
|
Категория материала:
|
Презентации
|
Автор:
|
Тулепбаева Гульмира Абдигапбаровна
|
Здесь была ссылка на работу Менделеев - Клапейрон тендеуи автора Тулепбаева Гульмира Абдигапбаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ұйымдастыра отырып, оқушы зейінін сабаққа аудару. Сыныпты үш топқа бөлу. Сабақ сайыс түрінде өтеді. «Болашақ», «Ізденіс», «Игілік» топтары арасында Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: зат есімнің түрлерін ажырата отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы зат есімнің түрлерін талдауға үйрету 2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. 3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: дәстүрлі емес ертегі сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, оқыту, сөздерді талдау Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта Барысы І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.2-жаттығу. - Баяғыда Сөз таптары деген атайдың 4 баласы болыпты. Олар: зат есім, сын есім, сан есім және етістік. Олардың ең үлкені зат есім болған екен. Бір күні атай: «Зат есім балам, сен осы балаларымның ішіндегі ең үлкенісің, мен сені бөлек үй қылып шығарамын»-деп, бөлек шығарыпты. Зат есім бөлек шыққан кезде не істерін, неден бастарын білмей бізден көмек сұрайды. Ал біз мына «лотоны» шешсек, оған неден бастау керек екенін түсіндіреміз. Ендеше оқулығымыздағы 295-жаттығуға қарайық. Мұнда бірнеше зат есімдер берілген, бірақ олар тек біреуден ғана екен, біз түбірге көптік жалғауын жалғау арқылы олардың сандарын Зат есімге арттырып берейік.жаттығу Слайд №7,8,9 Көптік жалғауларын жалғап жазу. Соңғы үш сөздерден сөйлем құрату. Қарындас+тар, жалау+лар, желім+дер, кісі+лер, кірпіш+тер, жұлдыз+дар, қыран+дар, батыр+лар. Жұлдызы жанған батырдың, қыран құсы серігі. Слайд №10 -Біз осылайша Зат есімге жекеше және көпше түрлерін қайтарып берді. Батырдың серігі, 7 қазынаның бірі – қыран құс бұнымен зат есімнің түрлері түгел болмағанын айтып, өзі көмектесуге бел байлады. Қыран құс зат есімнің түбірі мен қосымшасын табу үшін орманның үстінен ұшып бара жатса, оның ішінде түсініксіз екі заттың бірігіп тұрғанын көрді. Оны біз көмектесіп, шешіп берейік. Сөзжұмбақтың шешуі: мысықторғай. Мысықторғай екі сөздің бірігуінен жасалып тұр: мысық және торғай. Бұл сөзді біріккен сөз деп атайды. Мысықторғай қандай құс, ол қайда болады, оның қандай ерекшелігі бар екенін 296-жаттығуды оқып, танысайық. 296-жаттығу Мәтінді оқыту, 1-ші және соңғы сөйлемдерін есімізде сақтау үшін диктант түрінде жазып алайық. Кітаптарымызды жабамыз, менің айтуым бойынша жазамыз. Біздің ормандарымыздағы ең әдемі, ең әнші құстардың бірі – мысықторғай. Ол орманға аса зиянды, улы жұлдыз құрттарды теріп жеп пайда келтіреді. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояйық. Қыран құс сендерге риза болды. Ол енді жемтігін аулап, дем алсын, бізде сендермен бір сергіп алайық. -Қыран құс еңбекқор, адал құс. Зат есімге көмек беру үшін биікке самғап ұшуын жалғастырады. Жолда бірнеше біреуі үлкен, біреуі кішкентай заттар араласып жатыр екен. Ол әбден шатасты. Енді сендерден көмек сұрап тұр. Үлкен әріппен жазылатын қандай сөздер, олар жайлы біз не білеміз? /жалқы және жалпы есім жайлы ережені қайталап, салыстырғызу/ Слайд №17 297-жаттығу Мәтінді оқып, ішінен жалқы есімдерді атату, бас әріппен жазылу себебін сұрау. Берілген сөздерді сөз құрамына талдайық. Слайд №18 Далалар, жерлерде, қалалар, сарайлар, өрнегі Қыран құс пен сендердің көмектеріңмен зат есім өзінің бірталай түрлерін тауып, жинақтап алды. Ол мұнымен біткен жоқ. Сондықтан біз әлі келесі сабақтарда да Зат есімге көмек көрсетеміз деп ойлаймын. ІҮ. Сонымен, біз бүгін қыран құс пен сендердің көмектеріңнің арқасында қандай нәтижеге жеттік? Слайд №19 Зат есімдерді сөз құрамына талдадық, жекеше және көпше түрін, жалқы және жалпы есім түрлерін қайталадық, достықтың мән-мағынасын түсіндік, біріккен сөздермен жұмыс істедік, сөйлемдер құрадық, мәтінді бөліктерге бөліп ат қойдық, диктант жаздық, өз ойымызды білдірдік. Ү. Үйге тапсырма. 294-жаттығу. Сурет бойынша «Аңшы» тақырыбына шығарма жазып келу. Бұл сурет бір сабақ бойы бізбен бірге болған қыран құсқа қатысты болғандықтан мен сендерге ол жайлы қысқаша мынадай мәлімет бергім келіп отыр. Слайд №20, 21, 22 ҮІ. Бағалау
Тип материала:
|
Презентация Power Point (ppt)
|
Размер:
|
3.42 Mb
|
Количество скачиваний:
|
49
|
Просмотров: 174
Похожие материалы