Мерекелік іс-шара "Аяулы анам"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Аяулы анам

Мен аяулы анамды жақсы көремін.Ана жайлы айтып тауыса алу мүмкін емес.Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз.Мен де анам маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып,өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.Ана дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ.Ана-әрбір адам баласы үшін қастерлі ұғым.Бәріміздің де аналарымыз бар.Ал, кейбір балалар өз аналарын сыйламайды, қарсы сөйлеп тыңдамайды.Өмірде аналары жоқ балалар да бар,олар өз аналарының ыстық алақанының жылуын көрмесе де,тәрбиелеп отырған аналарын аялап мәпелейді.Мен анамды алда келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.Мен анамда жақсы көремін.

Камалхан Қырмызы .

Ана

Ана- деген бізге ең жақын адам.Ол сені түн ұйқысын төрт бөліп әлпештеп өсірді.Ана сенің досың,көмекшің,ұстазың.Ол саған не жаман,не жақсы екенін үйретеді.Мен анамды қатты жақсы көремін.Ана деген баласы қуанса, ол екі есе қуанады,ал баласы мұңайса,мың есе мұңаяды. Ана-ол сені әрдайым ойлап жүреді.Менің анам әлемдегі ең әдемі,ең мейірімді, ең жақсы адам.

Шаяхметова Нурай.

Аяулы анашым!

Мен анамды жақсы көремін.Өйткені ол маған жарық дүние сыйлады.Ана-баласы үшін ең ыстық,ең асыл жан.Шыр етіп жерге түскен күннен бастап мәпелеп,түн ұйқысын төрт бөліп,бізді ер жеткізген анамызға мың алғыс.Жер бетіндегі аналар қайғы көрмесін,ауырмасын тек қана жарқын болып жүруін тілеймін.Анамызға қандай жақсы сөз айтсақ та көп болмайды. «Ана» асыл қасиетімен бүкіл жанұясына,айналасына мейірімін төгеді.Менің анам ең мейірімді,жанашыр,ақылды адам.Жақсы қылықтарыма сәбише қуанады.Мен анамның әрқашан көңілді жүргенін қалаймын.Бала үшін ананың орны бөлек.Анашым саған мың алғыс!Осы дүнинге әкеліп,еркелетіп жүргенін үшін рахмет!Өмір бақи қасымда болшы.Мен де сенің үмітіңді ақтауға тырысамын.

Хасенова Дильназ.

Ана

Әлемде анаға жетер жанашыр,адал, қайырымды жан жоқ.Қазақта «Анасыз жетім-тұл жетім» деген мақал бар.Ешбір бала анасыз қалып жетімдік көрмесін деп тілеймін.Баласы үшін барлық ана аман болсын!

Серікжанқызы Алтын.

№18 жалпы орта білім беретін мектеп

Семей қаласы

3 «Ә» сынып оқушыларының шығармалары

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 4.49 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 147

Похожие материалы