Металды кешенді өңдеу тәсілдері

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Металды кешенді өңдеу тәсілдері

Сабақтың максаты: Сым  кәптеу сөзіне түсінік беру,қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, сымкәптеу технологиясымен таныстыру, жұмыр тістеуікпен және қысқышпен жұмыс icтeyгe үйрету, металды көркемдеп өңдеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түpi: Аралас сабак.
Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру.
Сабақтың көрнектілігі: Сым оның түрлері, шынжыр баулар, жұмыр тістеуік, қысқыш,балға, қайшы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақтың максатымен таныстыру.

Жетелеу сұрақтарын беру: 1.Сымның қандай түрлерін білесіңдер?

2. Диаметріне байланысты сымдардың майысуына түсінік беріңдер.

3. Сымнан жасалған әшекей бұйымдарды атаңдар.

4.Семей қаласында сымнан әртүрлі өрнекті әшекей қақпалар, терезе торлары жасалатын орындар бар ма?, атаңдар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Tүcтi металл сымдардан жасалган әшекейлерді сымкәптеу дейді. Сымды бұрау, өрнектеу, дәнекерлеу деген мағынаны білдіреді.

Ал француз тілінде ол «филигран» деген атпен таралған, ежелгі зергерлер сымкәптеу өнеріне алтын, күміс, мыс сымдарды қолданған. Сымкәптеу өнерінің екі түрi бар:

·         Сымды әшекейлеп жеке өңдеу

·         Сымды арнаулы бұйымға (білезік, алқа, сақина, т.б.) дәнекерлеу арқылы өңдеу

Сымкәптеудің технологиясы

Сымкәптеу өнерінде ширатылып бұралған сымдардың өрнектері көзді тартып турады.

Бұралған сымды өрнек жасауға колданар алдында екі тәсілмен таптайды:

·         Арнаулы екі темір оқтаудың арасынан өткізу аркылы (Cypeті плакатқа салынған)

·         Арнаулы төсте балғамен ұру аркылы.

Сымдарды түзету әдістерін көрнекті экраннан көрсете отырып түсіндіремін.

Тапталган бұранда сыммен өрнек жасап, бұйымға дәнекерлеу оңай, өйткені олар 6ip-6ipiмен тығыз байланыскан.

Нәзік сымдарды жалпактау құралыекі негізгі діңгектен тұрады.

Буйым жасаудыц технологиясы

Сым темірдіөрнектер бейнесіне келтіру өте сезімталдықты, іскерлікті талап етеді. Мұнда сымның калыңдығы да ecкepіледі. Өрнектердің шағын бөлшектері жіңішке сымнан, ал күрделі бөліктері жуан сымнан жасалады. Арнайы карайтылган бұйымға сымды дәнекерлеу icіндe өрнектердің ырғағы анық көрініп тұратындай етіп өңделеді. Өрнектердің әр бөлігі жобаға байланысты колданады, олардың ipi бөлігі қолмен бұралып, өрнек салынады да, ал ұсак бөліктеріне арнаулы кұрал-саймандар қолданылады.

1.      Әрбір бөлшекке қанша сымның жұмсалатынын нақты есептеу.

2.      Әр топта сақина, білезік, ілгектер, шынжыр бау жасау

Сымнан сақина жасау технологиясы:

1.      Сымның шетін жұмыр тістеуікпен қысу, ол тістеуіктің қысқан жерінен сәл шығып тұруы тиіс.

2.      Сол қолдың бас бармағымен сымның үстіне қойып, неғұрлым тісіне жақын ұстайды.

3.      Оң қолмен тістеуікті оңға қарай айналдырып, сымды мүмкіндігінше шеңбер жасап майыстырады.Бұдан кейін жұмыр тістеуікпен қысады.

4.      Сымды қысып, дөңгелек сақинаға айналғанша майыстыра береміз.

5.      Бұйымды тазартып, өңдейміз.

 

 

Сабакты бекіту:

1 .Сымкәптеу дегеніміз не?

2.Сымкәптеу өнерінің неше Typi бар?

З.Бұралған сымды өрнек жасауға қолданар алдында неше тәсілмен таптайды?

4.Сымға өрнекті калай бекітеді?

5.Сымның қандай түрін білесіндер?

Окушы білімін бағалау, көтермелеу, мадақтау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу , Сымнан жасалатын өрнектердің суретін салып келу.

Сымдарды түзету әдістері 

   

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20

Материалдарды өлшеу, белгілеу құралдары

Слесарлық қол қайшылары (а, 6) и тістеуіктер

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 458.98 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 114

Похожие материалы