Здесь была ссылка на работу Методическая разработка по казахской литературе автора Оразалина Раиса Маратовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру; ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру; б) Елін, жерін,Отанын сүюге баулу; Сабақтың түрі: лекция сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар т.б Пәнаралық байланыс: тарих Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген лиро-эпостық жырын сұраймын. Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру: Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі. Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры. Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр. Жыр көп вариантты болып келеді.