Методическая разработка «Ризашылық пен алғыс»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Оразалина Раиса Маратовна
|
"Описание материала:
"Сабақтың тақырыбы: " ""Ризашылық пен алғыс ""Сабақтың мақсаты:
Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың арасында сыйластық қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ету.Олардың бойларында сүйіспеншілік,сыйластық сезімдерін ояту. Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. "
"Сабақтың көрнекілігі:
күннің көзі,интерактивті тақта, қатты қағаздан жасалған сандық, жүректер "
"Сабақтың барысы:
" "«"Шаттық шеңбері.»
Қол ұстасып,дөңгелене тұру: Қуанамын мен де, Қуанасың сен де Қуанайық бәріміз Арайлап атқан күнге Балалар бүгін біз сабағымызда өмірге, ата-анамызға деген ризашылығымызды білдіріп «Ризашылық» өлеңін айталық. «Ризашылық» әні "
"Әңгімелесу
• Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
• Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
• Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? "
"«Тыныштық сәті» Аспаннан күндіз нені көреміз? -Күнді көреміз.Күн не істейді? -Жарық береді,жылу береді.Ендеше,көздеріңді жұмып,жайланып отырыңдар...(тыныштық сәті үнтаспада оқылады.) "" " Мәтінмен жұмыс «Алғыс» Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет!-деді.
Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!Балалар бақшаға жүгіріп келді де, қызанақ өсіп тұрған сабақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбырлады:Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы, қара топырақты жерге айтыңдар!Қасым мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты:Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рақмет!Жер жұмсақ майда қара топырағын бүлк еткізіп:Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді,-деді!Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде:-Рақмет саған, жомарт бұлт!
Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық!- деп айқайлады. Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді:-Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар!Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да, бар дауыспен:Уа, әлемге тіршілік, бұлтқа жаңбыр берген мейірімді күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін саған көпкөп рақмет! – десті. Ол алғыстарыңды маған айтпандар, - деді күн күлімдеп тұрып.Қызанақты отыпғызып, дамылсыз баптаған адамға алғыс айтыңдар!
Қызыанақты дәмді еткен – адамның еңбегі!Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып:Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей - жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді."
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 1.97 Mb |
Количество скачиваний: | 18 |