Методическую разработка "Еңбекке баулу сабағында" 4 - сынып
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Джумакулова Акмарал Убайдуллаевна
|
Сабақтың тақырыбы: Еңбекке баулу сабағында
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, сөйлемдер құрастыра алуға машықтандыру.
Дамытушылық:сөздік қорын байыту. Лексикалық тақырып бойынша өзара қарым – қатынас орнату дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсінік беру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдары: суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Балалар ауа райы қандай?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сенің отаның қай жер?
Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлесім.
Оқушыларға бір параққа өткен сабақта танысқан жаңа сөздердің бірін жазуын тапсырамын.
«Жасырылған» сөздеді бір – біріне береді. Оқушылар алған парақта жазылған сөздің аудармасын айтып, ол сөзбен сөйлем құрастыруы керек.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Жаңа сабақ.
ІІІ.Сөздік жұмысы:
Оқулықта берілген құрал – саймандар атауларын оқып беремін.
Оқушылар аталған құрал түрлерін суреттен көрсетеді.
Жаңа сөздерді оқушылар дәптерге жазып алады.
Сөз →сөз тіркесі→Сөйлем. Оқушылар жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырады.
4 - жаттығуды орындау. Сөйлесім.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қолданып, оқушылар өзара диалог құрастырады.
«Орындық жасау үшін нелер керек?» деген мұғалім сұрағына жауап береді.
3 - жаттығуды орындау. Жазылым.
Берілген сөйлемдерді толықтырып, дәптерлеріне жазады.
Не істеу? Сұрағына жауап беретңн сөздердің астын сызады.
4. суретпен жұмыс. Айтылым.
Оқулықтағы 1 – жаттығуды орындау үшін суретке қарайды, бейнеленген заттарды атайды. Тақтаға жазып қоямын:
Суретте нелер бейнеленген? ..., ..., ... .
Суретте нелер бейнеленген? ..., ..., ...,
Кім не істеп жатыр? ..., ..., ..., ... .
Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Сөздермен сөз тіркестерінің мағнасын түсіндіремін. Сөздік дәптерлеріне жазады.
Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру
А. Мәнерлеп оқимын, оқушылар дауыстап қайталайды.
Б. Оқушылыр тізбекпен оқидыү
Сөздерден сөз тіркестерін құрады
Олардың синонимдік, антонимдік, омонидік жұптарын, қатарларын табу.
Сөйлемдер құрау.
ІV. Бекіту
Сөздік
Нағыз – настоящий
Ерекше – особенный
Түрліше – разнообразный
Сағыну – скучать
Тынығу – успокоиться
V. Қорытынды
Үйге тапсырма:
№4 сөздерді тәуелдеу.
___күні___айы___жылы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 38.49 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |