Минипроект на тему Проектное обучение
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жумагулова Зулкия Шияповна
|
Применение
Использование проектного метода обучения на уроках информатики.Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» (Алматы, 2009 жылдың қазан айының 13-і) тақырыбындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне оқыған актілік дәрісінде: «Ұлттың үміті – сендерсіңдер. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің ертеңгі бақыты сендердің қолдарыңда» деп атап көрсетті. Бірақ, бұл міндетті жүзеге асыру үшін «...қазіргі бәсеке заманында жастардан қажыр-қайратын, ынта-жігерін, тынымсыз ізденісін» қалыптастыруды қажет етеді.
Қазіргі заманғы мектібінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:
Баланы оқи білуге үйрету.
Баланы ойлауға үйрету.
Баланың өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.
Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.
Жұмыс зерттеу мақсаты: информатика сабағында оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.
2. Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.
3. Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау .
4. Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.
Зерттеу әдістері:
1. Әдебиетке теориялық анализ жасау.
2. Сауалнама өткізу.
3. Жоспарлау.
4. Жеке оқушылармен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу.
5. Модельдеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың әр түрлі компьютерлік бағдарламаларға қызығушылығының, ынтасының артуы;
2. Жасампаз, өнерпаз, құзіретті тұлғаның қалыптасуы;
3. Тілдік қорының кеңею;
4. Еңбекті бағалай және көрсете білетін тұлға қалыптасады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 319.5 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |