Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жексенова Әйгерім Тасболатқызы
|
Қазіргі заманда адамдар өз міндеттері мен құқықтарын білетініне сенімді. Дегенмен, балалардың құқықтарына қатысты сауал туындаса, көп жағдайда толық жауап беруге дайын болмайды. Ойланатын жағдай: баланың құқықтарына не жатады?
Тарихқа жүгінсек, 1924 жылы Ұлттар Лигасы Бала құқықтарының Женевалық декларациясын қабылдады, 1959 жылы БҰҰ /Біріккен Ұлттар Ұйымы/ Бала құқықтарының декларациясын қабылдады, 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Баланың құқықтары туралы Конвенция қабылдады. 1994 жылы Қазақстан бұл конвенцияны бекітті. Баланың құқықтары туралы Конвенция - әлемдегі балалардың құқықтарын қорғауын реттейтінмаңызды құжат.
Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады: «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы 518-ІV Кодексі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.19 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |