Мінез-адам көрсеткіші

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Мақсаты:оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету; -жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету; -адамгершілікке тәрбиелеу. Шатттық шеңбері Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін олардың көңіл күйлерін көтеріп,сабақта көңілді орта құру мақсатында Қ.Нақысбековтың өлеңін оқуды ұсынады. Жақсы мінез,жылы сөз-жан дәуірі, Жігіттің керек мұңы аңғаруы. Бейпіл сөйлеп,тік мінез танытқанның Тіптен оңай адасып,сандалуы.   Мінездер бар жақсы-жаман,әр алуан, Әдептілік әділдіктен нәр алған. Кең болғанның кем болғанын көрмедім, Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан. Әңгімелесу Адам өмірі-іс-әрекеттер тізбегінен,басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі  көзқарастардан тұрады.Кез келген әрекетті дұрыс түсініп,қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді.Алайда адамның өзін осы  қабілетке баулып,тәрбиелеуге  мүмкіндігі мол.Оқулықтағы «Ойланайық,пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның,қарым-қатынас жасауында алтын орны,адамның өз мінезін өзгерте алатындығы,оның үнемі өзіне-өзі көзбен қарай отырып, өзін-өзі  тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 33 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 158

Похожие материалы