Морфологиядан өткенді қайталау сабағы
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Санияз Нургуль Саниязқызы
|
Сабақтың тақырыбы: Морфология тақырыбы бойынша өткенді қайталау сабағы.Сабақтың мақсаты: - білімділік: Оқушылырға морфологиядан өткенді қайталау арқылы білімдерін қалыптастыру.
-дамутушылық: Оқушылардың ой – өрістерін әртүрлі жұмыс істеу аясында дамыту, өздеріне ізденулеріне бағыт беру, оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру.
-тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, қазіргі заман талабына сай жан-жақты көз қараста тәрбиелей отырып патриоттық сезімдерін нығайту.
Сабақты өткізу әдісі: Өткен сабақты қайталау, көрнекілікпен жұмыс, топпен жұмыс, логикалық ойлау сұрақтарын беріп шешкізу.
Қайталау сабақ
-Бүгінсабақ күндегіден ерекше сабақ. Байқап отырсаңдар бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан бар білімімізді көрсетуге тырысайық. – Қане, енді сабақ алдындағы көрсетуге сертімізді айтайық.
«Тәлім сәті»
-Әрбір адам?
Оқушылыр: Туысым, досым, жұрағат.
-Әрбір сабақ?
Оқушылар: үйрену, ұғу,ұлағат.
-Әрбір ісім?
Оқушылар: Тірлік, тірек, адамдық.
-Әрбір сөзім?
Оқушылар: Шындық, бірлік, адалдық.
Осы берген сертті сабақ аяғына дейін сақтап, саналы білім көрсетуге тырысайық. Өткен сабақты қысқаша қайталап өтейік.
1-сұрақ. Морфология нені зерттейтін ғылым?
Сөз құрамы мен сөз таптарын зертейді.
2-сұрақ. Сөз құрамы нешеге бөлінеді?
Сөз құрамы түбір және қосымша болып бөлінеді.
3-сұрақ. Түбір дегеніміз не?
Түбір дегеніміз сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы бөлігі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.46 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |