«Мүсін өнері»

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Презентации
Автор:

""Описание материала:

"өз шығармаларын тастан қашап (әсіресе мәрмәр мен граниттен), ағаштан жонады, саз балшықтан немесе ермексаздан көлемін ұлғайта отырып сомдайды. Жаңа заман мүсінге қажетті материалдардың санын көбейтті: болаттан, бетоннан, пластмассадан және басқа материалдардан шығармалар жасау пайда болды. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам.

"Ол әр алуан пішінде іске асырылуы мүмкін: бас, бюст (адамның кеудеден жоғары қарайғы бейнесі), мүсін (фигураның тұтас бейнесі), топтық мүсін (бірнеше фигураның бейнесі). Мүсіншілер жануарларды (анималистік жанр) сирек сомдайды. Мүсіндеудің барлық жағынан қарауға болатын жұмыр және рельефті түрлері бар. Жұмыр мүсіндеуге карағанда рельеф жазықтық бетінде орналасады.

"Мүсін шығармалары кескіндемедегі сияқты қондырғылы және монументтік, монументті-сәндік болып бөлінеді. Қондырғылы (станокты) мусіндеу көбіне портрет ретінде ұсынылады. Мүсіндік портреттің негізгі міндеті - кескіндемедегі сияқты адам образын беру. Мысалы, X. Наурызбаевтың қолынан қазақ халқының көрнекті қайраткерлері А. Иманов, Ж. Жабаев, А. болашағын бейнелеп, бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруге үндейді. Монументті-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының компоненті болып табылады. Тұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 664 Kb
Количество скачиваний: 280
Просмотров: 495

Похожие материалы