Мүсіндеу және пішіндеу мектепке дейінгі тәрие

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың жоспары:
І. Үй тапсырмасын тексеру
ІІ.Ұйымдастыру кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Машықтық жұмыс

V. Үйге тапсырма

VI. Қортындылау

 Тақырыбы: Мүсіндеу және пішіндеу
Сабақтың мақсаты

Сабақтың білімділік мақсаты: Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: студенттердің мүсін  туралы білімін кеңейту, ойлау қабілетін, қол мен саусақ бұлшықеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:   Әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Саз балшықтан немесе ермек саздан созу, ию тәсілдерін терең меңгеру. Әсемдікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, еңбек, анатомия.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

Мұғалім үшін:  слайд, интерактивті тақта, қосымша әдебиеттер, репродукциялар т.б.

Студенттер үшін: ермексаз, шүберек, газет, алжапқыш, тақтайша, стека т.б.
І. Үй тапсырмасын тексеру:

Алдыңғы сабақта біз «Сурет салу» деген тақырып өттік. Үйден «Көктем» тақырыбына сурет салып , штрихтап аяқтау берілді. Енді соны тексеріп бағалаймын.

ІІ.Ұйымдастыру кезеңі: 2мин.

ІІІ. Жаңа сабақ: - Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Мүсіндеу және пішіндеу» деп аталады.

Кез келген пәнді оқыту теорияға келіп тірелуі тиіс. Бұл жайында Леонардо да Винчи былай деген: «Кімде- кім практикаға ғылымсыз құштар болса, ол теңізде жүзуге басқару тұтқасынсыз немесе компассыз шыққан теңізшіге ұқсайды, өйткені олар қайда жүзіп бара жатқандығына ешқашан сенімді болмайды. Практика әрқашан да толыққанды теория негізіне құрылған болуы тиіс және онсыз ешнәрсе орынды жасалынуы мүмкін емес...»- деген сөзбенен жаңа сабағымды бастағым келеді.

-Мүсін мен суреттің айырмашылығы қандай?

-Мүсін жұмыр болады, оны барлық жағынан қарауға болады. Мүсінші өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей қып, толық мүсіндейді. Қағаз немесе кенеп бетіндегі суретті біз ылғы бір жағынан бір қалыпында ғана көреміз, ал мүсінді жан –жағынан, әр қалыпта көреміз.

 Мүсін, скульптура латынның sculptura, sculpo – деген сөзінен шыққан. Кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсін жұмыр болады, оны барлық жағынан қарауға болады. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы - барлық көлемін , пішінін анық көрсетеді. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған. Біз мыңдаған жылдар бұрын  Мысыр, Үнді, Грек, Рим шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз.

Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған Мүсіндеме ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы Мүсіндеме тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің (Мирон, Скопас, Геркулес,Циклоп, тағы басқа) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы Мүсіндеменің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, Мүсіндеме адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі. Донателло, Микеланджело, Гужон,Пилон, тағы басқа туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды.

Қазақ жернен табылған керамикалық мүсіншелер полеолит және эниолит дәуіріне жатады.

6-8- ғасырдағы байырғы түрік өнері тұсында өнердің басқа түрлерімен қатар тас безеу өнері дамыды. Тас мүсіндер тарихта болған адамдарды еске түсіру үшін жасалған  жеке кісінің  бейнесі балбал, кемпіртас ретінде қашалады. Мүсін өнерінің бұл түрі түрік қағандығы (6-8ғ) мен қыпшақ заманы өңірінде (8-13ғ) кең қанат жаяды.

Қазақ мүсіншілері  қазіргі  кезде  дүние  жүзіне  танылды. Олар Х.Наурызбаев,  Т.Досмағанбетов,  Е.Сергебаев,  Б.Әбішев, Е.Мергенов.

Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф.
Монументті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельефті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.

Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.

Мүсін  өнерінде  адам  мүсінінің  өзі  бірнеше  түрге  бөлінеді. Олар:

1.Шүйдесіз  бас  бетімен мүсінделсе- маска деп аталады.

2.Басты мойынымен мүсіндеу –бас деп аталады.

3.Басты  иықтарымен, яғни  кеуде  мүсін – бюст  деп  аталады.

4.Адамды  беліне дейін  мүсіндеу- жартылай дене деп  аталады.

5.Адамды бүкіл бойымен мүсіндеу-статуя деп аталады.

6.Бірнеше  адамды  мүсіндеу  - көпфегуралы композиция деп  аталады.

7.Егер  мүсін  жазықтық  бетінде  шығынқы  орналасса –рельеф деп  аталады.

Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.

Мүсінді  сазбалшық пен ермексаздан  илеп  металдан  құйып, ағаштан жонып, тастан  қашап  жасауға болады.

Мүсінші  үшін  ермексаздың аса құнды  сапасы- оның иімділігі  яғни  жұмыста  серпімді,  созылғыштығы және оған берілген форманы жарықшақ түсірмей  сақтай  алу қабілеті.

Ермексаз  - мүсіншінің  қиялында пайда болған ойдың нобайын тез  жасауға  мүмкіндік  беретін бірінші  материал.Саусақтармен  жұмыс  істегенде, созылымды- пластикалық материалды  сезіне  түйсіне  отырып, мүсінші  өзі  жасап жатқан форманы  қолдарымен  бейне  бір  көріп тұрғандай  қабылдайды.

Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мүсін жасағанда қолданылатын басты  құралдар: тақтайша, каркас, қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы киім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасы былғанбауы тиіс.

 IV.Машықтық  жұмыс:

-Енді  адамнаң  кеуделік  мүсініні, яғни бюст жасауға  кірісейік  ол   үшін натураны  түрғызып  болып каркасты  дайындаймыз. Алдынғы  сабақта  үйден  адамның какасын  жасап  беру  берілді.

-Оқушылар  каркас дегеніміз  не?

Тірек  тұрғыр.

 Иықтарынан бастап  жапстырамыз. Содан  кейін  мойыны мен басына  кірісеміз. Мүсінді  жасап отырып  үнемі  айналдырып  қарап  отыру  керек. Мүсін  жасауда  адам түлғасының  сипатын оның  прапорцияларымен  қимыл қозғалысын  бірден  ұстап  алуға тырысу  керек. Ең  соңында киім қыртыстары, бет  мөлшері,  шаш  сияқты  уақ түйекке тоқталу  керек.

V. Үйге тапсырма беру:

-Үйден  түлғалық  мүсінді  аяқтап келіндер.

VI.Қорытынды:

- Студенттер біз  бейнелеу  өнерінің  қандай түрлерімен  таныстық?

-Мүсін  өнерімен таныстық.

-Мүсін өнерінің  қандай  түрлерімен  таныстық?

-Маска ,бюст, статуя, тұлғалақ мүсін, көпфигуралы  композиция.

-Мүсін  қандай  материалдан жасалады?

-Бүгін біз  қандай  мүсін  жасап үйрендік?

-Каркас дегеніміз не?

-Ол не  үшін  керек?

-Мүсін  құлап  қалмау  үшін  керек?

-Адам  денесінде  құлатпай  көтеріп  тұрған  қанқа. Ол бұлшық еттерді  ұстап  тұрады. Ал  мүсінде  біз  каркас  пайдаланамыз.

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.09 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 79

Похожие материалы