Мәтіндік құжатты пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ жоспары №1

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6

Тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word редакторында құжатты пішімдеу тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Оқушыларға Мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау; мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: MS Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі, тарих.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, жұмбақ жасыру, түсіндіру.
Оқыту құралдары: Оқулық, дәптер, компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Алгоритм дегеніміз не?

2.Алгоритмнің неше қасиеті бар?

3.Мәтіндік процессорына қандай программалар жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ
ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті – өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу –екінші сауаттылық.
Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі.
Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейін де жүргізуге болады.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:

vәр түрлі қаріптерді пайдалануға;

vЖұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;

vБеттегі мәтінді туралауға:

vжоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;

vмәтінді бағандарға бөлуге;

vмәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;

vтізім, құйма және т.б.

Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.

Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.

Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат менюінен Шрифт командасын орындаймыз.

<Enter> пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау үшін басады. Бас әріпті теру үшін <Shift> пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереміз.

Пішімдеу панелі:

– стиль

– шрифт

– шрифтің размері

– жартылай қарайтылған

– курсив

– асты сызылған

– ортасы бойынша туралау

– оң жақ шеті бойынша туралау

– оң және сол жақ шеті бойынша туралау

– нөмірлеу

– маркер қою

– түспен бояу

– шрифт түсі

Форматтау режімдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:

– жартылай қарайтылған (полужирный),

– курсив,

– асты сызылған (подчеркнутый)

Форматтауға арналған пернелер комбинациялары

Пернелер комбинациясы

кезіндегі әрекеттері

<Ctrl> + <I>

Курсив (К)

<Ctrl> + <U>

Асты сызылған (Ч)

<Ctrl> + <B>

Жартылай қарайтылған (Ж)

<Ctrl> + <E>

ортасына

<Ctrl> + <L>

Сол жақ шеті бойынша

<Ctrl> + <Z>

Оң жақ шету бойынша

<Ctrl> + <J>

Ені бойынша (екі жақ шетінен)

IV.Бекіту

1.Мәтінді пішімдеудің қандай жолдары бар?

2.Мәтін қайдан теріледі?

3.Enter пернесінің қызметі?

4.Мәтіннің бүтін бөлігін қандай перне арқылы өшіреміз?

«Қатесін анықта» ойыны.

ТНӘМІ МӘТІН

ЗЕТЕРЕ ТЕРЕЗЕ

ОТИМНРО МОНИТОР

ЕПНРЕТҚАТА ПЕРНЕТАҚТА

ШЫҚНАТ ТЫШҚАН

V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма: §17 92-бет, тест 101-бет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 43 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 173

Похожие материалы