М.Әуезов «Көксерек» әңгімесінен үзінді .«Қасқыр-табиғат-адам»

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жамбыл облысы.Байзақ ауданы.Ы.Алтынсарин орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі :     Абитаева Эльвира Ешенкуловна                                                                                                                                                                      

7-сынып

Әдебиет

 

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесінен үзінді .«Қасқыр-табиғат-адам»

Сілтеме

Әдебиет.   фильм «Көксерек»

 

Жалпымақсаты

 

Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасай отырып , білімдерін бекітеді.

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойына адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастырады , табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиеленеді.

 Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай алады , нақты сөйлей білуі қалыптасады , сөздік  қорларын  молайтады.

Оқунәтижелері

 

Оқыту үрдісін қалыптастырлады ,қисынды ойлау дамытылады , танымдық іс-әрекететтер арқылы шығармашылығын дамыта отырып, қызығушылығын арттырады.

Негізгіидеялар

Күллітіршілікатаулыныңқұттықонысмекені,

алтын ұясы, талбесігі - табиғаттыаялау.

Тапсырмалар

 

1.Сұрақтарға жауап беру.

2.Топ болып тапсырма орындауы.

3.АКТ пайдаланып, слайд арқылы,  «Ой қозғау»,«Кубизм» әдістері

4.Постермен жұмыс

Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағдай:  «Бір шоқ гүл»тренингі                                                               Психогеометриялық диагностика
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу .
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Олай болса, біз қазір топ болып, 3 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топты«Адам», «Қасқыр» «Табиғат» деп бөліп отырмын,әр топтың  жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
3 топ«Адам», «Қасқыр» «Табиғат» сөздерінің  мағыналарын ашады.

Адам – тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды,қоректенеді.
Қасқыр – жыртқыш, ит – құс, бөрі, қомағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала санитары
Табиғат- құбылыстар,тау,тас,күн,ай,жер,жануарлар,өсімдіктер«Ой қозғау»әдісі

  АКТ-дағы слайдтағы суреттерге назар аудара отырып оқушылардың өздері сабақтың тақырыбын ашады.Осыған байланысты слайд арқылы сұрақтар қойылады:                                                                                   І топ:

1.      Қараадыр қасқырлар мекені,тағылар тірлігі

2.      Адамдар шабуылы ,бөлтіріктер тағдыры, қаталдық                                                                                                                     ІІ топ                                                                                                                                                          1.Бөлтіріктің Көксерек атануы,  оның адамдардан көрген жәбірі.                                                          2.Көксерек және Құрмаш, сәбидің таза көңілі, мейірімі.

ІІІ топ.

      1.Көксеректің ауылдан кетуі, ұяластарымен тез табысуы.

2.Құрмаштың қазасы, Көксеректің жазасын тартуы, Әже зары.

Кубизм әдісібойынша мына кубикті үш топқа кезекпе – кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
1.Көксерек бейнесін суреттейді.
2. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырады.
3.Қасқыр туралы жан-жақты зерттейді.
4.Көксеректің жыртқыш аң екенін дәлелдейді.
5.Көксеректің қатыгездігін талдайды.

Жабдықтар:       

  • оқулық 160-185 беттер;
  • А-3 қағаз беттері;
  • маркерлер

 

2- тапсырма (шығармашылық жұмыс 12 минут )

Бұл – жаңа  идеяларды  жинақтап  бір –бірімен  сабақтастыру  үшін  қажетті  құрылым. Топтастыру  қызықтыруды  ояту  үшін, повеске  байланысты  ой  тудыруды  күшейту  үшін  қолданылып  отыр.

Үш  топқа  плакаттар  беріледі.

1-топ

М.Әуезов шығармаларындағы табиғат бейнесінің суретін салу немесе құрастыру.

2-топ

«Адам және табиғат» эссе жазу

3-топ
Жолды өлең. Қасқыр , аңшы, табиғат сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

Қасқыр

Жыртқыш қомағай.

Ұлиды,шабуылдайды, жортуылдайды

Қасқыр-түз тағысы, перзенті.

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,

Айтуға оны табиғаттың тілі жоқ

 

  

Үйге тапсырма

Шығарма «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті».

Кері байланыс

Оқушыларға кері байланыс парақшаларын таратып, өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін  туралы жазады.

Қорытынды

Бағалау

Енді «Көксерек» әңгімесі бойынша электрондық нұсқадағытест тапсырмалары беріледі.

І Топ1. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.
A) Естіген хикаясы себеп болған.
B) Жазушы қиялынан туған.
C) Өз басынан өткен.
D) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.
2. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Табиғат көркін суреттеу. 
3. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы. 
B) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір  құбылыстарының түйіні.
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін  ойы.
D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.                                                                                                   E) Қаламгердің өмір құбылысына берген       бағасы.                                                                                                                                              4.Көксеректі  алатын арлан?                                                                                                                  А)Ақ қасқа     Ә)Қара ала төбет             Б)Ақ қасқыр

5.Кімнің қай шығармасынан?

Арада бірнеше күн өтті. Осы сайдан шыққан  жоқ. Ашығып бұралуға айналды.Бірақ аяғы ептеп басуға келеді. Бір-екі қырқадан асты. Бір сайда үш-төрт ат жайылып жүр екен.Шетте арықтау бір көкшолақ ат тұр еді. Тап беріп қуып отырып, қалың омбыға әкеліп қамады. Күнде кешті күтеді.

А) Т.Ахтанов «Окоп үстіндегіайқас» 

Ә) М.Әуезов «Көксерек»

Б) С.Мұратбеков «Жусаниісі»

6.М.Әуезовтың туған жерін көрсет.

А) Семей облысы, Шыңғыс облысы    Ә) Солт.Қазақстан облысы    Б) Талдықорған өңірі    В) Павлодар өңірі

7.Қасен мен Бейсенбай Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері?

А) «Көксерек»     Ә) «Қорғансыздың күні»       Б) «Жетім»              В) «Оқыған азамат»

8.М.Әуезовтің әңгімесі қайсы?

А.  “Көксерек”               Ә.    “Айткүндері”           Б.    “Бастау”

9. Көксерек фильмі қай жерде түсірілген

А Қырғыз тауларының баурайында

Ә Алатау тауы

Б Шыңғыс тау

10. 6.Әуезовтің алғашқы пьесасы?

а). «Еңлік-Кебек»

ә). « Бәйбіше-Тоқал»

б). «Түнгі сарын»                                                                                                                                               ІІ Топ

1.“Көксерек” әңгімесіндегі баланың аты кім?

А.   Қасен                     Ә.  Құрмаш                    Б.   Қанабек

2.Ең үлкен еңбегін ата?

1. «Көксерек»

2. «Абай жолы»

3.    «Еңлік-Кебек »

3.Мұхтар Әуезов кім?

а).ақын           ә).ғалым, ағартушы  б).жазушы,драматург

4. Құрмаш  Көксерекпен  ең соңғы рет қай жерде кездеседі?

а) ауылда;       ә)серуендеп жүргенде;    б) қой бағып жүргенде;       в)  Іздеп шығады;

5. –Қуарған-ай,неңді алып ем?!Не жазып ем?..Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?!.- деп  Көксеректі басқа тепкен кім?

а)  Қасен       ә)Бейсенбек    б)Әжесі       в) Құрмаш

6.Әуезовтің алғашқы пьесасы?

а). «Еңлік-Кебек»

ә). « Бәйбіше-Тоқал»

б). «Түнгі сарын»

7. «Абай жолы »көркем әдебиет шығармаларының қандай түріне жатады?

а).поэма

ә).роман-эпопея

б).әңгіме

8. Құрмаштың ағасы болып ойнаған әртіс

А Қали Жәкібаев

Ә Сүйменқұл Чоқморов

Б Мұрат Имашев

9. «Көксерек» фильміндегі Құрмашты сомдаған әртіс?

А Қамбар  Уәлиев

Ә  Досымжан Таңатаров

Б Бағлан Омаров

10. Қ.Уәлиевтің түскен фильмдері

А) Сырғалым.Ә )Шаңырақ .Б)Біржан сал

ІІІ  Топ

1. Сүйменқұл Чоқморов  қай  ұлттың  әртісі

А Қазақ

Ә Өзбек

Б Қырғыз

2.Қасен мен Бейсенбай Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері?

А) «Көксерек»     Ә) «Қорғансыздың күні»       Б) «Жетім»              В) «Оқыған азамат»

3.М.Әуезовтің әңгімесі қайсы?

А.  “Көксерек”               Ә.    “Айткүндері”           Б.    “Бастау”

4.ҚазақтыңұлыжазушысыМұхтарӘуезовқайжылы

дүниегекеліп, қайжылыөмірденозды?

а)  1893-1938 ;   ә)1846-1945;   б)1897-1961;в) 1900-1973;

5.МынашығармалардыңқайсысыМ.Әуезовтіңшығармасы?

а) “ Мергенбәкен”; ә) “Ақбілік”; б) “Жетім”;   в) “СаятшыОраз”;

6.М.Әуезовтің қай шығармасы арқылы қазақ халқы бүкіл әлемге танылды?

а) “ Еңлік-Кебек”; ә) “Қорғансыздың күні”; б) “Абай жолы”;   в) “Хан Кене”;

7 … Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрінеді. Ертегінің көкжалы- деп  Көксеректі суреттеуі әңгіменің қай бөлімінде   жазылған?

а)  2;       ә)3;          б)7;         в)  6;

 8.Қасқырлардың неше күшігі өлтірілді?

а)  2;       ә)3;          б)5;         в)  7;

9. -Кәпір,қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды!- деген кімдер?

а)  Қасен;       ә)Бейсенбек;    б)Ауыладамдары;  в) Әжесі;

10. -Солжалғызымдыөлтіргенқасқырдықолымаәкеліп,көзінойғызбасаң,сенмағантуысқанемессің! -дегенкім?

а)  Қасен;      ә)Жұмаш;    б) Құрмашәкесі;      в) Әжесі;

Бүгін сабақта көп ізденудің нәтижесінде көптеген мәліметтер ала отырып, шығарманы жан - жақты талдадық. Сабақты Ж. Баласағұнның сөздерімен аяқтағым келіп тұр.
Қанша білсең, ізден тағы, тағы да
Білікті адам жетер тілек бағына.
Біле бер, қанша білсең  тағы  да біл,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле!

Өздерін  өздері  критерий  арқылы  бағалайды.

Нақты нәтиже

Әр оқушы берілген тапсырмалар бойынша жұмыс түрлеріне қатысып , өздерін дамытты.Балалар сабаққа толық қатысты. Топтың өзін-өзі бағалауы , кері байланыс болды.

Пайдаланған әдебиеттер

  • Әдебиет 7-сынып
  • Әдебиет Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева 2011ж Алматы
       

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 37.57 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 200

Похожие материалы