Муканбаев Даурен Жаксылыкович. Ашық сабақ жоспары. Ұлттық ойындар.

Предмет: Физкультура
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақтың ұлттық ойындарының адамның денсаулығына пайдасы

І. Кіріспе бөлім

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, бала-лардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүр-лі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

  • Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
    2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
  • Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
  • Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
  • Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.

Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.

Негізгі бөлім:

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Алтыбақан. «Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Алтыбақан

Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.

Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он – он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.

«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.

Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады..

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

«Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті.

Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.

Ақсүйек

Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады

Күміс ілу

«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.

Тоғыз құмалақ

Тарихы. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.

Әлемде. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Моңғолияда мектептерде тоғыз-құмалақтан олимпиада өтеді екен. Қытайда,Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда,Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.

Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Шри-Ланкада олинда калия,қырғыздарда тогузкоргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао,тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд жәнероунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.

Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.

Қазақстанда

Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.

Тоғызқұмалақ ережесі

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70 – 80 кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Олқырғыз, өзбек тілінде “Улак тартыш”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.

Көкпар алаңындағы тартыс

Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Хан дойбысы

Қазақтың Хан дойбысы − ұлттық спорт түрінің бірі болып табылады. Аталмаш ойын түрінің елмізде дамуына үлес қосып жүрген Әнуар Қабдолдаұлы мен ұйым құрып, ойынға арнайы патент алуға себебін тигізген Қайрат Жақияұлы дейтін талдықорғандық азамат. Осындай ұлт өнеріне жанашыр адамдардың еселі еңбегінің арқасында бүгінде хан дойбысы қазақ елімен қайта қауышты.

Бұл ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Айталық, Алматы облысы Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адамға» қазба жұмыстарын жүргізу барысында хан дойбысының ойын тастары табылған. Кигіз үй пішіндес тастар әртүрлі қазақы ою-өрнектермен нақышталып, пілдің сүйегінен жасалынған екен. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар бұл тастардың қолданыста болған мерзімін үйсін мемлекетінің заманымен сайкестендіріп отыр.

Хан дойбысы – ойынының ерекшелігі мұнда қазақ хандығының, демократиялық билік жүйесі ойын түрінде көрсетілген. Жалпы дойбы ойыны – адамзат ақыл ойының жемісі. Адам өзінің мақсат-мүддесін іске асыру жолында төрт бұрышты шағын торкөз тақта ішіне саси көзқарастардың күресін салып қойған.

Қазақ ұғымында дойбы ойыны екіге бөлінеді. Текті және тексіз дойбы болып. Тексіз дойбы – ол өзіміздің күнде ойнап жүрген кәдімгі қарапайым дойбы ойнымыз. Мұнда қай тас бірінші болып межеге жетсе, сол би бола алады. Дәл осы ойыннан қарап отырсаңыз, ешқандайда тектілік байқалмайды. Кім мықты болса, сол ел басқарады деген сөз. Ал, текті дойбы дегеніміз – ол «Хан дойбысы». Оның жеке ханы болады. Биі болады. Бегі болады. Алаша халқы болады. Тентегі және қарашасы бар.

Әр қайсысының төрткөз тор тақтада атқаратын міндеті бар. Қандай ерлік жасаса да, өз дәрежесінен бір елі де ауытқымайды. Ханы хан, биі би болып қала береді. Бұл ойынның тағы бір ғанибеті хан тек ханның қара қасқа жолымен жүреді. Басқа жерде ол билігін жүргізе алмайды, тек қана ықпал етеді. Ойынның жүріс-тұрысы да өзгеше. Тек алға және екі жанына қарай жүреді. Артқа қайтпайды. Қазақтың «Ер екі сойлемейді» деген дәстүр заңын сақтайды.

Қазақта «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақал бар. Төртеуміз түсінікті. Ал, алтау дегеніміз кім? Алтау ол – «Хан дойбысы» ойынының кейіпкерлері. Таратып айтар болсақ: Хан, Би, Бек, Алаш, Тентек, Қараша. Бұлар барлығы әркез басшысына құлақ асып, қилы қыстау заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы тиіс. Қысқасы, алтауы ала болмауға тиіс.

Бұл ойынға қатысушы екі адам ханның рөлін атқарады. Ал, хан болған соң, қол астында біршама халық болады, сондай-ақ жаулары да болатыны сөзсіз. Алдыныздағы төрткөз тортақтаны ертедегі соғыс алаңы ретінде қарайсыз. Кімнің ақыл айласы жоғары болса, саяси ақылы басым болса, сол адам жеңіске жететіндігі белгілі.

Бұл ойын түрінен философиялық ойдың бұғып жатқанын байқайсыз. Шынтуайтында, қазір тек техниканың дамып жатқан заманы. Ал философияның пайда болғанына сан мың жылдар болды. Міне, осы «Хан дойбы» ойнынын сол философияның бастауы ретінде қарауға болады.

Хан дойбысы - білген адамға сыры мен қыры терең, құны өлшеусіз, философиялық мәні зор, болашағы баянды, ата-бабаларымыздан қалған таптырмас мол мұраның бірі болып саналады. Дойбының ең ғажайыбы оның кестесінде. Кесте - ою-өрнектермен нақышталған.

Ал, тақтадағы ортақ фигура қазақтың киіз үйі. Киіз үйдің сыртындағы ою-өрнектері, шаңырағының түсі, олардың дәрежесін, нақтылай айтсақ ханы мен қарашасын, би мен батырын анықтауға көмектеседі. Хан кестесі жеті қазына мен жеті ырыстан құралады. Онда төрт қанатты ою хан тағының белгісі, «қарашасыз хан болмайды, құйрықсыз құс болмайды» дегендей ханның екі серігі болады. Оң жағында серкесі, сол жағында қыран бүркіті.

Ал, хан тағының оң жағына ел-жұрт орналасады. Олар: билерден, бектерден, алаштардан құралады. Билер – кілең көк түсті, Бектері – кілең қызыл түсті, Алаштар – қара түсті болады. Ал ханның сол жағына телі-тентектер орналасады. Жалпы жиырма төрт үйден құралған екі хандық ақедік, көкедікболып ерсілі қарсылы ойнайды. Қай жеңгені жалпақ дүниеге билік айтады.

Осы жерде Ақедік хандығы жайлы қысқаша таныстырып өтейік. Хандықтың төбелі төрі болған хан тағымен ханның қара қасқа жолында төрт қанатты оюмен өрнектелген хандары үлкенінен кішісіне қарай қаз-қатар орналасады, көк үй, алтын үй, күміс күй. Хандықтың оң жағындағы ел-жұртының төбелі төрінде көк түсті билер үлкеннен кішісіне қарай қаз-қатар орналасады: үш қанатты би, екі қанатты би, бір қанатты би. Билердің алдына қызыл түсті бектер үлкенінен кішісініне қарай қаз-қатар орналасады. Үш қанатты бек, екі қанатты бек, бір қанатты бек. Бектердің алдында қара түсті алаштары үлкенінен кішісіне қарай қаз-қатар орналасады: үш қанатты алаш, екі қанатты алаш, бір қанатты алаш. Хандықтың сол жағындағы тентектер жұртына түссіз тентектер орналасады.

Келесі Көкедік хандығы дәл осылай құрылады. Бұл ақыл парасаттың ел басқарудағы ілімділіктің ойыны болып табылады. Кесте астрономиялық танымдардан бастап философия, экономика, ғылым, мәдениет, саясат, мемлекет құру жүйесі, демократия, секілді сан алуан саланы бір тұғырға тоғыстырады. Сондықтан да оның төрелігі әділ. Жеңгені ерулік алып, хан болып ел сұрайды. Жеңілгені айыбына жұртының билігін береді.

Таңқалдыратыны, хан дойбысы: жапонның түймелері, үндінің шахматы, қытайдың патшалық сайысы сияқты қарсыласын түп-тұқиянымен құртуға жол бермейді. Қайта жеңілгенді жебеп ел болып кетуіне жол береді. Міне бұл, байырғы хандық жүйенің демократиялық қағидасы.

Хан дойбысы балалармен жасөспірімдердің ақыл-өрісінің жетілуін тездетеді. Қапияда амал жасауға, ақылды әдіс-тәсілдерге дағдыландырады. Мемлекет құруда әрбір тұлғаның орны бар екенін ұғындыруға бұл ойынның берері мол.

Бұл күнде «Хан дойбы» ұйымының төрағасы Әнуар Қабдолдаұлы ойынды жастарға насихаттап, мектептерде жарыс өткізуде. 2011 жылы 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне және «Астана» журналының 10 жылдық мерейтойы қарсаңында Нұрсұлтан есімді ұландардың арасында хан дойбы ойынынан «Хан шатырда – Хан дойбы» атты жарыс өтті. Жарысқа Нұрсұлтан атты 50 бала қатысты.

Екінші рет жарыс 2011 жылдың ақпан айында Қытай Халық Республикасы Шынжаң өлкесінде өткізілді. Қытай ақпараттарын құралдарын елең еткізген бұл ойын қытайдағы қандастырымызды баурап алды. Сонымен қатар 2012 жылы 6-желтоқсанда Алматы облысы Талдықорған қаласындағы білім ордаларында мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен тартымды турнир өтті.

Мұндай құнды дүние қазақтың төл ойыны болса, не себепті барлық қазақ білмей келді, деген ойлар мазалауы мүмкін. Бұл сұраққа тоқталсақ, кезінде дойбы тек хандардың, билердің арасында насихатталып, ойналған. Қараша халық қызушылық танытса да қолы жетпеген. Өйткені, ол кездегі хан дойбыны насихаттаушылар тек пайда табу көзіне айналдырған. Ал, бүгінгі заман мен кешегі өткен заман ұқсамайды.

Қорыта келгенде еліміздің асыл мұрасы болып сақталған хан дойбысы ата-бабамыздан қалған аманат, аманатқа қиянат – күнә. Демек хан дойбысын дамытып, ұлттық ойнымызды өркендетіп биікке жеткізу, әрі ертеңгі ұрпаққа ұластыру бірнеше азаматтың ісі емес. Қайта барлық қазақтардың парызы болып саналады. Әрі ұлттық ойын түрінің салмағын арттырды.

Бірақ бұл ойын бүгінге оңай оспақ жеткен жоқ, талай аумалы-төкпелі қиындықтарға, кедергілерге ұшырап отырды. Десе де, ойынның бүгінгі жоқтаушысы Әнуар Қабдолдаұлы алған бетінен қайтпай, табандылықпен іске асырып келеді.

Болатын елдің баласы,

Бір-біріне сай болар.

Азатын елдің баласы,

Жатқа еріп мал болар.

Тозатын елдің баласы,

Бір-біріне қас болар.

Озатын елдің баласы,

Бір-біріне ес болар… дегендей, жат жұрттың жылтырына көзімізді жаутаңдатпай, өз ұлтымыздың рухын асқақтатып, еңсесін көтеріп, қазақтың хан дойбысын үкілі қолдау көрсету арқылы қастерлейік ағайын!

Қазақ даласына қанат жайған дана дойбымызды дәстүрімізбен бірге дәріптейік. Өз ұлтымыздың ұлттық ойынын шыңдау арқылы, шың белестерге қол жеткізуді көздейік! Қолымызда бардың қадіріне жетейік!

Ұлттық ойынымызды елеусіз қалдырамыз деп, ертеңгі күні өзге елдің қолына өтіп кетіп, әттеген-ай деп өкініп қалмайық қазағым! Онсызда талай ұлттық құндылығымыздан да айырылып қалғанымызды ұмытпайық!

Ұлттық ойындар санаты

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының көптігі соншалық, оларды адамның жас ерекшеліктеріне қарай топтауға да болады екен. Мәселен, «тоғызқұмалақ», «хан дойбысы» секілді ойындар жас-кәріні талғамайтын болса, кейбір басқа ойындар тек әр жас өкілдеріне ғана тән.

Балабақша бүлдіршіндеріне арналған ойын түрлері: «ұшты-ұшты», «қуырмаш», «сақина салу», «қуаласпақ» т.б.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «қасқыр қақпан», «қоян», «қырықаяқ», «сиқырлы таяқ», «соқыртеке», «мерген мен үйрек», «ортаны тап», «кім байқағыш?», «қоян мен қасқыр», «сап түзеген батырлар», «жануарлар қалай үндейді?», «қарғымақ», «кім жылдам?», «жанды дөңгелек», «ақсерек, көксерек» т.б.

Орта сынып оқушыларына арналған ойындар: «дәл түсір», «қызыл ту», «қашпа доп», «тоспа доп», «қазан доп», «тауық күрес», жаяу аударыспақ», «жоғалған топты іздеу», «бәлләй», асық ойындары т.б.

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «арқан тартыс», «мойын арқан», «қазақ күресі», «білектесу» т.б.

Ер жігіттер мен бойжеткендер ойыны: «ақсүйек», «алтыбақан», «қыз қуу», «аударыспақ», «теңге ілу», «ат жарыстары», «асау үйрету», «садақ тарту», «көкпар» т.б.

Зеректік ойындары: «хан дойбысы», «тоғызқұмалақ» т.б.

денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:

- дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;

- сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;

- қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;

- сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарпайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолданады.

Қорыта келе, қазақтың ұлттық ойындары адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.


Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Үржар ауылы

КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Муканбаев Даурен Жаксылыкович

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 37.26 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 149

Похожие материалы