«Музыка пәнін оқытудағы тәжірибелер туралы әдістемелік нұсқаулар»

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:
ГОСУДАРСТВЕННОЕ БЮДЖЕТНОЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЕ УЧРЕЖДЕНИЕСРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №8 ИМЕНИ Ю.А.ГАГАРИНАДоклад«Музыка пәнін оқытудағы тәжірибелер туралы әдістемелік нұсқаулар»                                        Прочитан на заседании ШМО                                             учителем музыки Нармановой К.А. Музыка пәнін оқытудағы тәжірибелертуралы әдістемелік нұсқауларЖоспары:Кіріспе:Музыка пәнін оқытудағы тәжірибелер туралы әдістемелік нұсқаулар.Негізгі бөлімі:Музыканы оқытуды ұйымдастыру формалары жайлы түсінік .Музыка сабағы - музыканы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы және оның өнер пәні ретінде ерекшеліктері.Музыка сабақтарының дәстүрлі емес жаңа түрлері.Қорытынды:Музыка сабағында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері.             Музыка пәнін оқытудағы тәжірибелертуралы әдістемелік нұсқауларМектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихында ең пікірталасты проблема болып келді. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма – белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық энцоклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» - деп тұжырымдалған. Ал, оқытуға келсек, форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меңгеру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз. Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген: - оқушылардың саны; - оқу орны; - оқыту дәрістерінің ұзақтығы. Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ, қысқартылған сабақ және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді. Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденіс жүргізілді.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 32.47 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 147

Похожие материалы