Музыка пәнінде диалогтық оқытуды пайдалану

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:
Менің ойымша білім беру процесі диалогсыз өтпейді. Мен әр сабағымда диалогтік оқыту әдісін қолданып отырамын. Бірақ бұрын дәстүрлі сабақ беру әдісінде сабағыма сұрақтар дайындағанда тақырыпқа байланысты алатынмын да, ол сұрақтың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіні туралы ойланбайтынмын. 1-ші бетпе-бет кезеңінде оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлері болатынын, сонымен қатар ашық сұрақтар мен жабық сұрақтардың  оқушының ойлауына әсерін білгеннен кейін сабақ жоспарын құрарда қандай сұрақ қоятынымды дайындадым. Осы мақсатпен  «Кембридж»  бағдарламасынан бірінші «бетпе -  бет» кезеңінде  оқып біліп үйренгенімді іс жүзінде қолдану үшін  мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізетін сабақтарыма пайдаландым. Александр(2004)  оқудағы әңгімелесу  қарым- қатынас жасаудың  бір сарынды үдерісі емес керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Мерсердің  зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады.        
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 50 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 109

Похожие материалы