Мың бір мақал

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Презентации
Автор:
         Халқымыздың  асыл  қазынасының бірі –әнші ақындардан  қалған  поэзия  және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері  ұлттық өнер болып , халқымыздың өзімен бірге туған. Дүниеге келгеннен ән тыңдап өскен, бесік жырын тыңдап оянған  дала перзенті есейе  келе аттың  үстінде  келе жатып та домбырасын  жанынан   тастамай ән салған.  Мал  соңында  жүрген  малшы да жапан даланың жалғыз әншісі болып, кейде ыңылдап,  кейде аспандағы  құсқа әнін қосып  шырқаған, қурайдан сыбызғы жасап,  қарағайдан қобыз жасап,  жанын толқытқан мұң мен зарын,  сазы  мен  назын  әуенге қосқан. Жүрегін ән тербеген  бабаларымыздан  қалған өлмес  өнер  заманнан заман өткізіп, бүгінгі күнге де жетіп  отыр. Қазақ  музыка өнерінде  аттары  алтын  әріппен  жазылған   біртуар  тұлғалары: Біржан сал,  Ақан сері,  Жаяу Мұса,  Мұхит,  Мәди,  Үкілі  Ыбырай,  Балуан  шолақ,  Иманжүсіп,  Әсет,  Естайлардың  сазгерлік,  әншілік  өнерлерінің  алдында  тұрғаны – өнер атаулының  патшасы – сөз  өнері, яғни,  ақындық  өнер. Сөз  құдіреті  арқылы  олар  ел  мен  жерге, сүйген  жарға  деген  махаббаттарын, сырлы  сезімдерін, тырнағын батырып, үстемдігін танытқан, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе-назын, ашуын да өлеңмен шығарып, әнмен жеткізді. Қосылған ән мен әуен және әнші бірлігінің ерекшелігі, артықшылығы – оның аумақтық та, әлеуметтік те шегарасының болмауы, самғаған құстай ұшып барып, қонған жерінде шырқала берді. Әнді  іліп алып, ел болып  жырлады. Атадан бала үйреніп, ол өнердің керуені бүгінгі күнге жетті        Өзі ақын, сазгер, әншілерді халқымыз еркелетіп, сал-серілер деген.Тарихқа үңілсек, зерттеуші  ғалымдардың  еңбектерін оқысақ, сал-серілердің  ақындық, әншілік сазгерлік өнерлерінен де басқа көптеген  өнерлері бар екенін  аңғарамыз. Әдебиет зерттеушісі Есмағамбет Ысмайыловтың  пікіріне жүгінсек : «Әнші –ақындар, негізінде, сал-сері,  күлдіргіш өнерпаз ақындар.Бұларды  тек әнші-ақын демей, халықтық өнердің адамдары деп таныған жөн. Сал-серілерде ақындықпен қатар әнші, күйшілік, композиторлық, би, спорт өнерлері бар.  Артистерше сырттай жарқ-жұрқ әшекейлену, елден  ерекше  сәнді, көзтартарлық  кескінмен жүріп-тұру әнші ақынға тән негізгі салттың бірі»,-дейді. Мұның  бірден – бір  дәлелі  ретінде, сайын дала төсін қызық- думанға  бөлеген,  дала театрының өнерпаздары туралы, ХIХ ғасырдың поэзиясының  үлкен  бір  саласы  әнші –сазгер  ақындар  
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 82 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 104

Похожие материалы