"Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз" 2 сынып. Сабақ жоспары.
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ахметжанова Даурия Берікқалиқызы
|
Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз.
«Менің Отаным». Ө. Байділдаев - үйрену.
Сабақтың мақсаты: Баланы қүдіретті музыка әлеміне жетелеп, музыка тыңдауға, ән айтуға баулу. Сабаққа деген қызығушылығын тудыру. Музыкалық іс-әрекет арқылы сезімін (эмоциясын) ояту.
Сабақтың міндеті:
1. Музыка тыңдау, ән айту ережелерін үйрету.
2. Өз ойын еркін жеткізе сөйлей білуге үйрету. Есту, есте сақтау кабілеттерін дамыту.
3. Отанды сүюге, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сабақ Қүрманғазы Сағырбаев күйінің әуенімен басталады. Мұгалім алғашқы музыка сабағын күй атасы Құрманғазының асқақ, шабытты, шат көңілді күйімен бастап, жақсы тілектер айтып, балалармен жақсы байла- ныс орнатып, психологиялык дайындық жасағаны жөн.
Музыка тыңдау: Ән сабағы. Музыкасын жазған К. Қуатбаев.
Мектептің әдемі ғой әр сабағы,
Қызық-ау әсіресе ән сабағы.
Шәрипа Шара болып би билесе,
Күлипа Күләш болып ән салады.
Бәріміз бұл сабакта тамашамыз,
Үкілі бөрік киіп жарасамыз.
Апайға ән үйреткен ырза болып,
Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.
- Біз бүгінгі музыка сабағында таңғажайып музыка әлеміне саяхатымызды бастаймыз, - деп, оқулықтағы шартты белгілермен таныстыру, олардың міндетін түсіндіру.
Окулықтың алғашқы беттеріндегі ән айтып, би билеп, домбыра тартып түрған, музыка сабағында отырған балалар сурегтерінің өзі-ак оқушылар- ды музыка әлеміне жетелейді. Сондықтан әдемі әстетикалық талғаммен жасалған көрнекі күралдарды, мүмкіндік болса, аспаптың өзін көрсетсе үтымды болар еді және сол аспап орындауында музыкалық шығарма гыңдатылса, баланың музыка тындауға қызығушылығы оянады. Алғашқы сабақтан бастап-ақ музыканы зейін қойып тыңдай білуге үйреткен жөн.
Музыка тыңдағанды, ән айтқанды ұнатасың ба?
Музыка деген не? - деген ой қозғау, ізденіс тудыратын әдіспен, орыидалған күй мен оқулыктағы түрлі түсті суреттерге сүйене отырып, балалардың пікірлері тыңдалады.
Оқулықпен жұмыс:
Сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастырылады:
1. Біздің Отанымыз қалай аталады?
2. Қазақстанның табиғаты қандай?
3. Саған туған жеріңнің табиғаты несімен ұнайды?
4. Суреттен кімді көріп тұрсың, оның қолында қандай аспап бар?
«Оқы немесе оқып бер» бөліміндегі мәтін оқылады.
Сергіту сәті:
Биле-биле, балакан,
Домбыраның күйіне.
Қане, биле, балақан,
Қосылайық биіңе,
Шапалақтап алақан.
Биле талдай бүралып,
Қанатың қақ қаз болып.
Өнеріңе қуанып,
Қол соқсын ел мәз болып.
Өлең мазмүнына карай қимыл-қозғалыстар жасау.
«Ақыл калта» бөлімі оқылып, мазмүны ашылады.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, гыпысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. v )іі айту кезінде баланың негізгі музыкалык қабілеттері - әмоциялық лсерленгіштігі, есту, есте сақтау қабілеті, ырғакты сезінуі дамиды.
Алғашкы сабақтан бастап, оқушыларға ән айту ережелері түсіндіріледі. Әнді мәнерлі, әуенді, жеңіл дауыспен айта білуге, ән айтудың алдында және музыкалық сөздердің аралығында иықты көтермей, демді ішке ала білу және оны сөздерді айтып болғанша үстауға, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс, сөздерді анык айтуға дағдыландыру керек.
Дауыс жаттыгуын әннің «Отан - менің ата-анам, Отан - досым, бауырым» дейтін 1-фразасына жасату арқылы, әннің сөзін жаттату коса жүргізіледі. Секірмелі дыбыстарды таза орындауға, дикцияның анық ай- тылуы мен дауысты дыбыстарды дөңгелете айтуға жаттықтыру.
Ән үйрену: Ө. Байділдаевтың «Менің Отаным» әні - көңілді, шат сезіммен, асқақтата, орташа екпінде орындалады.
- Әннің мазмұны не туралы?
- Әуені саған ұнады ма?
-
Шығармашылық жұмыс:
- «Отан» сөзінің мағынасын әңгімеле.
- Өзіңнің ауылың, ата-анаң, достарың сен үшін не болып саналады? «Менің Отаным» такырыбына сурет салу.
-
Қорыту: «Әнші болғым келеді» ойыны үйымдастырылады. Сыныптағы ән айта алатын балалар өз өнерлерін ортаға салады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.6 Kb |
Количество скачиваний: | 74 |