«н» және «ң» дыбыстарының жазылуы

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер-күшін ана тілінде ұғып үйренеді. Яғни ғасырлар бойы жинақталған саф алтындай тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқылдап енгізу анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейілінше қастерлеуші халық – тіл анасы, тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған. Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, ол – қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде табысады. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, әдет-ғұрпымен танысып, тұрмыс-тіршілігін танып біледі. Үшіншіден, ана тілі – халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы.

Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс-қағаздарының тілі. Тіл екі түрде қызмет атқарады.



Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.8 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 96

Похожие материалы