Ән көгінің сұнқары - Шәмші

Предмет: Музыка
Категория материала: Презентации
Автор:
«Ән көгінің сұнқары - Шәмші«Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценариі.1 – жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,Саған шөлдеп, айызым тамсанады.Өкініш пе білмеймін, қуаныш па?Өз - өзімнен жүрегім ән салады.Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма?Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,Махаббатқа арнап бір ән шығарсынШәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,Жындандырсын жүректі, жандандырсын. Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрерМәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.-         Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.2 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші! 1 – жүргізуші: Бірақ біз - ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыздау өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егеменіміздің арқасында бүгінде «Вальс каролі» атанып отырған бір – ақ адам. Ол – Қалдаяқов Шәмші! Ендеше, сол Шәмшіге арналған «Ән көгінің сұнқары – Шәмші » атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер.2 – жүргізуші:Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,Кім білсін, қай күні сен қырқарынды.Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды, - деп Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер. Мұқағалидің ұрпағы Шәмшінің ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес. Келесі кезекті жас ұрпақтарына берейік.Ән «Ақ бантик» орындайтындар Толғанай,, Гүлден, Мұратова Әйгерім қабыл алыңыздар1 – жүргізуші: Адам жылап туады,Жатады оны жұбатып.Және жылап өтеді,Өзгені де жылатып. Жылайтыны туа сап,Жамандар бар қинайтын.Жылайтыны өлгенде,Жақсылар бар қимайтын.Осылай деген уа, Қадыр аға неткен ерсің!Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов. 2 – жүргізуші: Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел қыстың құлазытар қара суығында жылытатын Шәмші әуендері болмақ. Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы 6 «а» класс оқушысы Сапарова Айсұлу баяндап береді.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 60 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 135

Похожие материалы