Национальная игра "Асық ойындары"

Предмет: Физкультура
Категория материала: Конспекты
Автор:

Асық ойындары.

Асық ойындары-қазақ даласына кең тараған ойындардың бірі. Бірақ бұл ойын ұлан-байтақ қазақ жерінің барлық жерінде біркелкі ойнала бермейді. Жер шалғайлығына қарай ойын түрлері мен ережелері де әр өңірде әр қилы болып келеді. Жалпы асық ойындары балалардың дене қимылының жітілігін, ептілігін, оңтайлығынарттыруға сондай-ақ, көз мергендігі мен қол икемділігінің дамуына көп септігін тигізеді. Қой, ешкі асықтары мен ірі қара асығы (топай) ойынның негізгі құрал санатына жатады. Осының өзі-ақ бұл ойынның халқымыздың шаруашылық ыңғайынан туындағандығын байқатты. Ойын ашық алаң, тақыр жер, бар болса, тақтай, сырмақ үсті, от басы-аула ішінде ойналады. Халық арасында асық ойынына байланысты түрлі атаулар қалыптасқан. Мәселен, сақта, кеңей, бүге, шіге, алшы, тәйке, оңқа, шоңқа, т.б. Сондай-ақ, «Алшы түсіп ақырып, сақаболып жапырып...»-деген сияқты сөз тіркестері де бар.

Ұлт ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты қалыптасқан.Қазақ халқының ұлт ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген.Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да соған қарай икемделген.Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді.Сондықтан асық ойындары ұлт ойындардың ішіндегіарыдан келе жатқан көнелердің бірі болып табылады.

Мал шаруашылығымен айналысып, ең далада өскен қазақ балалары өздерін қоршаған ортадағы заттарды ойынға пайдалана білген.Асық ойыны үшін ұсақ малдың асығы пайдалынады.Қазақта «доп ойнаған тозар, асық ойнаған озар » деген мақал бар.Бұл мақал тегінен тегін айтылмаса керек.Осы мақал арқылы асықтың денсаулыққа да, рухани да пайдасы бар екенін білеміз.

Ғасырлар бойы бұл ойын адам баласының сүйікті ойынына айналған.Ел тынышталып, шаруа жайланған уақытта асық ойынын қазақ балалары аса үлкен құмарлықпен ойнаған.Тіпті, асық ойыны қазақ ауыз әдебиетінде жиі айтылады.Ал «Алтын сақа» ертегісі балалардыңдың сүйікті ертегісіне айналған.

Асық ойынының ең көп тараған ойыны «Омпы» деп аталады.Одан басқа «Ханталапай» ,«Ұпай» ,«Әшекей мен Жұмекей»,«Алшы»,«Хан қандай» деген түрлері бар.Асықпен «хан» ойнау «Қыз Жібек» фильмінде көрсетілеі.Төлегенге келіп, Шектілерге көмек беру туралы ұсыныс айтқан сәтте Сырлыбай жанындағы балаға асық шашып жібереді,Мұнда үлкендер де, кішілер де араласып бірнешеу болып ойнай береді.

Ханталапай ойыны.

«Хан талапай». бұл ойын күрделі әрі кең тараған «Ұпай» ойынына біраз ұқсас болса да, ойнау ережесі жағынан біршама жеңілдеу.Жалпы, «Хан талапай» ойынының қазақ халқының өміріндегі талау (өлген ханның немесе жеңілген жаудың дүние-мүлкін талау) құбылысымен тарихи байланысы бар деген болжамдар кездеседі.Бұл ойынды тек ұл балалар ғана емес, сонымен қатар бозбалалар мен бойжеткен қыздарда ойнайды.Ойнаушылардың құрамы екіден (жекелеп ойнау)4-6 адамға (2-3 адамнан екі топ)дейін болады.Асық санын келісіп алады, бірақ асық неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты болады.

Ойнаушылар алқа-қотан отырысады.Жеребе бойынша, бірінші болған адам ойынға қатысушылар алдына барлық асығын жайып төгеді.Асықтардың бірі айшықталып боялған болады.Бұл- «хан».Егер ойында хан тәйке түссе, ойыншылардың бәрі «ханды» жабыла тонай бастайды.Мүмкіндігінше, әр ойыншы көбірек алуға тырысады. «Ханды» тонағаннан кейін, асықтарды (жаңа тобын) басқаойыншы (топ) шашады.Сөйтіп «хан» тәйке тұрмай, алшы не бүге, шіге, болмаса оңқа тұрса- ойыншылар кезектесіп, асықтарды шертіп атады (тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен, шігені шігемен, т.б.)

Мұнда «ханды» үш асық ұтып алғаннан кейін ғана барып атуға болады, ал егер бұдан кейін «ханды» атуға әлі мүмкіндік бола қоймаса (ол басқаша түрған асықтардың қоршауында қалып қойса), «ханға» қарай баратын жолды ату мақсатын көздей, тағы да екі асық атуға рұқсат етіледі, яғни «ханды» атуға кедергі болып тұрған асықтарды атып алу керек.

Асықтың бәрі (3 немесе 5) ататын немесе шертетін қолда болады, әрі бұларды ханды алғаннан кейін ғана басқа бос қолға ауыстыруға болады (ұтқан асықтарды бұдан кейін де ататын қолдан үш-үштен ауыстырылады ).

Ататын жебе (оқ) емес атылатын асықтарды («кейіктерді» ) ғана алып отырады. Ханмен атпайды, керісінше тек оны атады. Кім асықты көп ұтса сол ұтқан болып саналады. Асық саны тең болса, «хан» кімнің қолында болса, соған артықшылық беріледі.

Жаңа ойын басталғанда жеңілген адам өзі ұтқан асықтарды түгелдей ойынға салады, ал жеңген адам да соншама асық салып, ұтқан асықтарын өз қолында қор етіп ұстайды. «Ханмен» бірге бір артық асық –ханның досын қояды. Мысалы:

1.Жеңілген адамда 15-асық, оның үстіне Хан (1) бар делік. Бұл жағдайда, ол жаңа ойынға ханды өзінің досымен және 14 асық салады. Ал, жеңуші (15емес) тек 14асық қана салады.

2. Егер хан жеңілген адамның қолында емес, жеңушінің қолында болса, онда жеңуші ханмен бірге 13 асық қана қояды.

3.Келесі ойында бірінші болып шертіп ату қақысы хан кімнің қолында болса соның қолына беріледі.

4. Жаңа ойын да жоғарыда сипатталып жазылғандай, асықтарды шашып, ханды табудан басталады да әрі қарай ретімен жалғаса береді.

Тәйке.

Шығу тегі.

Ғылымның қай саласы болмасын ол нақты зерттеп, дәлдігіне көзін жеткізіп, халыққа жариялайды. Сол сияқты ұлттық ойындарды зерттеушілер де жан-жақты зерттеп, дәлдікке көзін жеткізіп барып, ұлт ойындары қалай?, қашан пайда болды деген сұраққа да жауап іздейді. Тарихшылардың айтуы бойынша, қазақ ұлттық ойыны- асық ойындары ежелгі қазақ жерін қаңлы, үйсін тайпалары мекендеген кезден бастап пайда болған деседі.

Ал ғалымдардың зерттеуінше асық ойындары ежелгі Мысырда пайда болған деп жауап қатады. Өйткені Тутанхамон мұражайында асық ойыншығы тұр. Асық Тутанхамонның сүйікті ойыншығы болған. Бірақ, мысырлықтар асық ойынын мүлдем ойнамаған, ол туралы тіпті бейхабар.

Жалпы асық ойындары қазақ халқының шаруашылығынан қалыптасқан. Өйткені қазақ халқының барлық дерлік ойындары мал шаруашылығына байланысты пайда болған.

Айта келе, қазақ халқы бар затты өз пайдасына асыра білген. Сондықтан қазақ ұлттық ойындары тәрбиеге де, денсаулыққа да пайдасы мол.

Асыққа ырымдар байланысты, материалдар.

Бұрыңғы кезде асық ойынын пайдалы ойын ретінде ғана емес, сонымен қатар асық арқылы алда не болатынын жорамалдаған.Мысалы: бала жас кезінде асық иіруіне қарап алдағы өмірінде қандай болатынын біліп отырған.

Ертедегi көшпендiледiң өзi асық арқылы жаугершiлiк заманда кiмнiң жеңiп немесе кiмнiң жеңiлетiнi туралы бiлiп отырған.

Сонымен қатар асық арқылы екі ел татуласыпты деген дерек бар.Сондай-ақ, сол тұста үйсiн мен найман руының жерге байланысты дауы да осы асықтың күшiмен шешiлiптi. Күндердiң күнiнде найман руының жiгiтi Саржан би өзiне қарсылас адамның даулы мәселесiн шешуге қолұшын берген атақты Бұхар жыраумен аман-саулық сұрасуға келедi екен. Сонда менсiнбей, бала санаған Бұқар жырауға ол былай дептi. «Сiздiң атаңыз Қаржас кезiнде асықтан жеңген атақты құл болды. Бiрақ үйсiн тайпасы өзiнiң ұрпақтарына мұрасын бөлiп жатқанда ең кiшiсiне түк те қалдырмаған деседi. Ендi бiр шешiмiн табу керек деп дал болған әкесi балаларынан асықты иiруiн өтiнiптi. Содан кейiн бұл байлықтың иесi түгi жоқ Бұхар жыраудың атасы болған екен». Мұны жас жiгiттен естiген Бұхар жырау өзiнiң жеңiлгенiн мойындапты деген де әңгiме бекер айтылмайды.

Сондай-ақ қазақ халқында «асығың алшы түссін» деген тілек бар. Бұл «айың оңынан тусын» деген мағынаны береді.

Сонымен асық ойыны тек қана пайдасы зор ойын емес, сонымен қатар тәрбиеге өз септігін тигізетін және алдағы уақытта кім болатынын болжағыш құрал.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38.5 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 181

Похожие материалы