НАНОКРИСТАЛДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУ
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Берсиева Мейрим Ерболысовна
|
Кіріспе
«Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
Үшінші индустриялық революцияәлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз»
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
Нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады.
Нанотехнологиялар дегеніміз не? Аңыз ба әлде ақиқат па? Кейбір деректер бойынша, қазірдің өзінде олардың көмегімен нысандарды көзге көрінбейтін етуге болатын материал ойлап табылған көрінеді. Әуестену, еліктеу, қиялға берілу секілді адами қалыптардың бірте-бірте ел сенгісіз жаңалықтарға бастайтыны әлмисақтан белгілі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 260.27 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |