Өнегелі отбасы қандай болу керек?
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Нурабилова Гульбану Азимжановна
|
Өнегелі отбасы қандай болу керек?
Алматы қаласы Әуезов ауданының
№ 104 жалпы білім беретін мектеп
Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Нурабилова Гулбану Азимжанқызы
Қазақ елінің болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше, ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық тәрбие, ұлттық сана қалыптасқан, білімді, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстап жүруіміз қажет. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңару үстінде. Сол жаңару жолындағы міндеттердііске асырушы маңызды мекемелер – балабақша, мектеп, жоғары, оқу орны.Ендеше бүгінгі оқу орындарының алдында үлкен міндеттер тұр.Атап айтсам, жаһандау заманына икемді ойлау жүйесін қалыптастыру, ұлттқ мәдениет пен әлемдік мәдениетті меңгеру, өз ана тіліне жетік бола отырып, өзге тілдерді меңгеру, сол тіл арқылы өз мәдениетін басқаларға таныту, оқушыларды адамгершілікке, елжанжылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Міне, осындай міндеттер аясында еңбек етіп келе жатқан мұғалімдер қоғам дамуының қозғаушы күші деу орынды.
Отбасы- бала үшін қоғамның алғашқы ұйытқысы.Баланың қоғамдық-әлеуметтік дамуы отбасын өз орнын алуынан басталады. Жас ағаш иілгіш болса, жас адам да сондай. Жақсыға да, жаманға да бірдей бейімделгіш. Қазақта: «Баланың бас ұстазы – ата-анасы»деген сөз бар. Ал француз педагогі Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол да солай тәрбиеленеді»,деген екен.Бұдан шығатын қорытынды, бала тәрбиесіне ең әуелі ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етеді.
Баланы жақсы қасиетке тәрбиелейтін құрал – еңбек. Сондықтан ата-аналар баланы жастайынан еңбекке баулу керек. Сәл ғана қолынан келетін нәрсесі болса, көңіл бөлініп дарынын, талабын тыңдауға ықпал ету қажет. Ата-бабамыздың тарихын, салт-дәстүрін үнемі құлаққа құйса, ұлы Абайдың бес асыл ісімен дос (талап, еңбек, терең ой, қанағат,рахым) болуын, бес дұшпанмен (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ ) қас болып жүруін айтып отырса, бала оң бағыттан таймайды. Қазір ұл-қыздың тәрбиесіне кері әсер ететін жат әдеттер өте көп.Ең бірінші, баланың қалыптасатын ортасын бақылап отырған жөн. Бала тәрбиесі ешқандай үзілісті, бір сәт те назардан тыс қалдыруды қаламайды.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, отбасында қандай ахуал болса, бала соған бейім тұрады.Балаға күш көрсетіп, дөрекі сөзбен ұрысу – ол дәрменсіздің ісі. Балаға мұндай қылық көрсету қазіргі заманның ағымына сәйкес келмейді. Тәрбиеде бір мысқал қате кетсе, еңбегінің еш, тұзың сор.Сондықтан бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау - әр ата-ананың міндеті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.16 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |