Негізгі және туынды еліктеу сөздер

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

"Описание материала:

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды еліктеу сөздер

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға негізгі және туынды еліктеу сөздер туралы түсінік бере отырып,құрамына, мағынасына, тұлғасына қарай ажырата білу,өткен тақырыппен байланыстыру.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың еліктеу сөздерді жете түсінуіне, сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байытуға ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Б) Тәрбиелік:отансүйгіштікке,адалдыққа,әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ  Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сызба-кесте Пәнаралық байланыс: Әдебиет, биология І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амндасу,сабаққа қатысын тексеру, сабаққа дайындығын қадағалау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 304-жаттығу ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту. 1. Еліктеу сөздер дегеніміз не? 2. Еліктеу сөздер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? 3. Мысал келтіріңдер. IV. Жаңа материалдарды түсіндіру. Еліктеу сөздер Құрамына қарай 2 топқа бөлінеді: Дара еліктеу сөздер Күрделі еліктеу сөздер Бір ғана түбірден (негізгі,туынды) төл негізгі сөз. Екі сөздің қосрлануынан және қайталануынан жасалған еліктеу сөз Мысалы: тарс,күмп,жымың Мысалы: тарс-тұрс,қисаң-қисаң т.б Тұлғасына қарай 2 топқа бөлінеді: Негізгі еліктеу сөздер Туынды еліктеу сөздер Бөлшетеуге келмейтін түбір еліктеу сөз. Жұрнақ жалғануы арқылы жасалған. Жұрнағы : -аң,-ең,-ың,-ің,-ң Мысалы: морт,күрс,селк. Мысалы: қиса-ң,елп-ең,ырж-ың-ыржың т.б 307-жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып,құрамына қарай ажыратыңдар. Үлгі: опыр-топыр-қосарланған күрделі еліктеу сөздер. Дара еліктеу сөздер Күрделі еліктеу сөздер Жалт, мөңкіп,митың. Шақ-шұққа,жалаң-жұлаң,тақ-тұққа,қарқ-қарқ,сарт-сұрт,су-су, борп-борп. 309-жаттығу.Төмендегі Абай өлеңдерінен алынған үзінділерден басқа сөз таптарын жасауға негіз болған еліктеу сөздерді табыңдар,оларға құраы жағынан талдау жасаңдар.(ауызша талдау) V. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны Тапыр- Абыр - Баж- Гүрс- Жалт- Дабыр- Дүр - Сарт- Сатыр- Жалаң- Арс- Гүр- VI. Сызба-кесте арқылы еліктеу сөздерді құрамына,тұлғасына қарай ажырату. Р/с Еліктеу сөздер Дара Күрделі Негізгі Туынды 1 Шыр-шыр 2 Селк 3 Жымың-жымың 4 Жалт-жұлт 5 Жылт 6 Шіңк 7 Қарқ-қарқ 8 Ыржаң-ыржаң VII. Сергіту сәті. Құстар мен аңдардың, жан-жануарлардың дыбыстарына еліктеуден туған сөздерді атау. (Қаз қаңқылдайды, қарға қарқылдайды, сауысқан саңқылдайды, бақа бақыды, жылан ысылдайды, ит ырылдайды, тауық қыт-қыттайдыт.б) VIII. Сабақты бекіту. Тест жұмысы 1.Еліктеу сөздің ережесін табыңыз. А)Заттың атын білдіреді. В) Заттың қимылын білдіреді. С) Құбылыстардың дыбыстары мен көріністеріне еліктеуден туындаған сөз. Д) Заттың сынын білдіреді. Е) Етістіктің түрлі белгісін білдіреді. 2. Еліктеу сөздің мағыналық түрі нешеу? А) 2 В)3 С)4 Д) 5 Е) 6 3. Дара еліктеуіші бар сөйлемді табыңыз. А) Абай селк етіп, жалт қарады. В) Алыстан пыш-пыш сөздер естіледі. С) Жігіттер мырс-мырс күлді. Д) Қыз солқ-солқ етіп жылады. Е) Ат ауыздығын қарш-қарш шайнады. 4. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңыз. А) –ың,-ің ,-ң, -ыл,-л В) –аң,-ең,-ың,-ің,-ң С) –ыс,-іс,-с,-ым,-ім Д) –ғы,-гі,-қы,-кі,-к Е) –ыра,-іре,-ғыр-гір 5.Көп нүктенің орнына қойылатын еліктеу сөзді табыңыз. Ол ... еткен дыбысты алыстан естиді. А) бұрқ-бұрқ В) зың-зың С) борш-борш Д) маң-маң Е) сарт-сұрт 6.Негізгі еліктеу сөзді табыңыз. А) елпең В) зың С) шұбалаң Д) жымың Е) ақсаң IX. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасын беру. 308-жаттығу. «Көктемгі көрініс» тақырыбына мәтін құрастыру. X. Оқушыларды біліміне қарй бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.82 Kb
Количество скачиваний: 45
Просмотров: 168

Похожие материалы