Өнерлі бала сүйкімді десек
Предмет: | Обществознание |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Рахметова Батима Муратовна
|
Сыныбы:3 Сабақ №21
Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:Таланттылық, зеректілік,өнерпаздық.
Сабақ мақсаты: Өнерлі бала сүйкімді ұғымының мәнін ашу.
Сабақ міндеті:
- оқушыларға өнер ұғымының тереңдігн түсіндіру;
- эстетикалық талғамдарын дамыту;
-сұлулықты,өнерді сүюге,өнерпаздыққа тәрбиелеу.
№
Сабақтың барысы
Ресурстар, мәліметтер
1
5
Дәйексөз
Адамның сәні-өнер, білім, ақылы.
Жетес шешен
Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?
Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды. Дәйек сөздің мағанасын оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы түйіндеймін)
-Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім,ақыл арқылы табысқа,қуанышқа, бақытқа жетуге болады.Өнерлі, білімді ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.
Дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар.(жаттап келу тапсырылады)
-Өнерге,білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?
Бейнекөріністер көрсету
-Қандай адамды өнерлі дейді?
(Кішкентай ақын Жамбыл,шахматшы Жансая,әнші Ермек т,б, танымал өнерлі балалар туралы видео көрсету)
Жас ақын Жамбыл 2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған.Бүгінде 50-ге жуық туындылары бар. Бала Жамбылдың «Періште тілек»атты кітабы жарық көрді.
Жас өнерпаз әнші Ермек Балжігіт жеті жасында жеке концертін өткізген.
Жас шахматшы Жансая Әбдімәлік күміс жүлде иеленді. Жансая атындағы шахмат акодемиясы ашылды.
дәйексөз жазылған
плакат,
Мәтінді оқу. Мәтінді зейін қойып тыңдайық.
Мәтін бойынша сұрақтар:
· Немересі әжесіне қандай сұрақ қойды?
· Әжесі оған қалай жауап берді?
· «Жүрегі үлкен» деген сөздің мағанасын әжесі қалай түсіндіреді?
· Әсия неліктен әжесіне мұндай сұрақ қойған еді?
· Әжесі Әсияға ақын-бабаларымыз туралы не айтты?
· Нағыз ақын деп қандай адамды айтамыз?
· Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?
· Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?
Түйін
Мәтіннің мазмұнында айтылғандай ақынның «жүрегі үлкен болады», өнер адамының қай-қайсысы болсада халқына жақын болады, елін сүйеді, адамдарды құрмет тұтады.
Оқулықтағы «Ақын деген кім?»
мәтіні
7
Жаңа ақпарат
Өнерлі болу адам баласына тән. Талпыну, талаптану әркімді өнерлі етеді. Ол үшін талмай еңбектену, іздену қажет. Қоршаған әлемді шығармашылықпен көркемдеп бейнелеу көрнісі өнер деп аталады.
Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.
8
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.86 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |