Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. (4 сынып)
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты |
| Автор: |
Әбдікерова Гауһар Ажайқызы
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. 91 бет.
Сабақтың мақсаты: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеді. Оқушылар жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіреді. Ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: сабақ-саяхат
Сабақ типі: жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу.
Көрнекілік: АКТ, Астананың суреттері, сандар, цифрлар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
2. Психологиялық дайындық:
Көп қызық бар әлемде,
Құштар бол сен білімге
Бізбен оқы, жалықпа
Білмегенді анықта.
3. Бүгінгі сабақ ерекше өткелі отыр. Сабақ-саяхат. Астанаға барып, көрікті жерлерімен танысып келеміз. Алдымен 4 топқа бөлініп отырайық.
Бүгін сабақта нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеміз және тез санау дағдыларымызды жетілдіреміз.
4. Саяхатты бастамас бұрын үй жұмысын тексеріп алайық. № 7 (90 бет)
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 25,4 КБ |
| Количество скачиваний: | 28 |