ӘНІМДІ ӘЖЕМЕ, АНАМА АРНАЙМЫН

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Возвышенка орта мектебіТәрбие сағаты: «Әнімді әжеме, анама арнаймын» Бастауыш сынып мұғалімі: Тасбулатова Б.Қ. 2014 Ж.Тәрбие сағаты: «Әнімді әжеме, анама арнаймын»Тақырыбы: Ана, әже жайлы тамаша сөздер,өлеңдер,әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау.Оқушыларды мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар, интерактивтік тақта: презентацияМұғалімнің сөзі: Құрметті әжелер, аналар, ұстаздар және қыздар келе жатқан 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге арналған « Әнімді әжеме, анама арнаймын» атты ертеңгілікті тамашалауға шақырамын.1-оқушы:Көгілдір көктем келді. Дала қандай әсем! Жыл құстары да келе бастады.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-барлық әжелер, аналар, қыздар мерекесі де келді.2-оқушы:Ана ең жақын әрі ыстық адам. Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады.Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады. Мен анамды жақсы көремін.Әр бала анасын, әжесін жақсы көреді.3-оқушы: Ана деп жыр жырласақ, Ана деп ән айтсақ,Аналардың анасы- ақ жаулықтылар туралы,қазіргі айтылатын өлеңіміз әжелер сіздер жайлы.« Әже» әні. Презентация: «Әжелер»4-оқушы:Таусылмайды өлеңі, Күнде айтып береді. Барған сайын бір жаққа Кәмпит алып келеді. Әжем мені, өйткені Өте жақсы көреді. Өскенде мен ал, енді Аралаймын әлемді.5-оқушы: Айналайын әжем, Мәпелеген жастан Менің қымбат данам, Көңілі көк аспан Балдай тәтті әжем Сіздей жан жоқ маған. Қуантса екен сізді Менің «бестік» бағамКөрініс- ералаш: «Бес алдым»- Қызым-ау, мектептен келдің бе?- Иә, келдім.- Сабағыңнан не алдың?- Міне, мен «5» алдым.- Кәне «5»? Мынау тұрған- «3», ал мынау- «2». «Бес» алдым деп бүгін сен неге айтасың өтірік?- Ой, әжетай! Есепті білмеуіңізді қарашы!... «3-ті» қосса «2-ге»- «5» болмай ма, санашы!- Мынау, не дейді өзі!6-оқушы: Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің бір жақының, бір досың – Ол, Ана! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап жылап іздейтінің-ана. Ол, саған, бәрінен де қымбат!Енді ортада, ұл балалардың орындауында: «Ана туралы өлеңдерді тыңдайық»1-бала: Айтсам болды, тіл алам, Әйбат мамам, ай мама. Сені көрсем қуанам, Сен керексің, қайда да!2-бала: Еркелесем күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің «Құлыншағым», «күнім» дейтін!3-бала: Ана! Біздің елде ардақты адам Кіші де, үлкен де Оны ардақтаған!4-бала: Мен гүлдерді жұлмаймын, Құстарды қумаймын. Айтқан сөзін тыңдаймын Анашымды сыйлаймын.«Мен анамның көмекшісімін» өлең:- Анам үшін күнде мен, отынға ағаш жарамын- Су құямын гүлге де,- Еденді мен жуамын.- Дүкенге нанға барамын,- Сыпырамын үй ішін,- Жуамын ыдыс-аяқты.- Анам бірақ, мен үшін, оқымайды сабақты!- Осындай біздің жақсы көмекшілеріміздің әнін тыңдауға шақырамыз. Ән: «Анашым». Презентация: «Аналар»Ана сүті-бал, баланың тілі-бал. Сәби сөздерін тыңдаңыздар: «Бастықтар»- Көрші үйдің 6 жасар қызы Дилназ, көрші Багия деген тәтесімен әңгімелесіп отыр. Дилназдың бал тілі қызық-ақ!- Біздің үйде бастықтар көп.- Е, олар кімдер?- Әкем жұмыс орнында бастық.Ал шешем болса, үй сыпырып, кір жуып, ас дайындаудың бастығы.Ағам отын жарып, малға шөп салып, суарудың бастығы.- Ал, өзің ше?- Мен жай жұмыскермін.Олар жұмсаған жаққа жүгіре беремін!Біздің кішкентай қыздардың құттықтау өлендерін тыңдаңыздар:1- қыз: Ана деген асқақ ән, Орындайтын әрқашан Анадай қымбат сыйлықты, Таба алмайсың ешқашан!2- қыз: Ана деген ақылшың, Ана барда батырсың. Қасыңда кім болса да, Тек анаңа жақынсың!3- қыз: Жүре берсем қасыңда Әйбат анам, ай анам. «Ботам» деген даусыңнан Мен мәз болып оянам.4- қыз: Күнім, жаным, құлыншағым, Ботақаным, айналайын Ойлап тапқан аналар!Қыздардың орындауында: «Шетелдік испан биін» тамашалаңыздар.Біздің кішкентайларымыз әнші, биші, ақын, көмекші,сонымен қатар суретшілер де! Әр бала өзінің анасының суретін салған.«Менің анамның суреті» конкурсАналар тақтада ілініп турған өздерінің суретін тауып алулары керек5-қыз:Өнерліге әсем ән мен сән керек, Өнегені қанжығаға өңгереді. Қазақ биін билегенде бишілер, Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелепБи: «Қамажай» қыздар тобы«Менің анам қайда?» ойыны.Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Сау болып тұрыңыздар кездескенше,Осымен бугінгі ертеңгілік аяқталдыӘн: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.41 Kb
Количество скачиваний: 83
Просмотров: 340

Похожие материалы