Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Нсанова Айгуль Меллятовна
|
Күні
17.04.2014 ж Сыныбы 2 « А»
Сабақтың тақырыбы
Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі»
Сілтеме
Әдебиеттік оқу «Атамұра 2013ж» Авторлары:Б.Т.Қабатай, С.Р.Рахметова
Жалпымақсат
Ұлы Отан соғысы тарихына құрылған мәтінді түсініп оқу. Бауыржан Момышұлының соғыста көрсеткен ерлігімен таныстыру.
Міндеттері
Өжет, батыл болу үшін тәуекелшіл болуға үйрету.
Оқу нәтижесі
Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының соғыста көрсеткен ерлігімен танысады.
Тапсырмалар
Талантты және дарынды балаларды оқыту - алдын ала берілген тапсырма бойынша Презентация
Сыни ойлау –«Даналық қоржыны» , «Тақырыптық түйінді сөздер»
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер - топтық жұмыс .
Диалогтік оқыту- «Он сұрақ»
АКТ- Бейнежазба «Бауыржаның өз сөзі» 1. Ұйымдастыру
1.Сабақ алды сергіту.
Психологиялық тренинг өткізе отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату
2. Топқа бөлу. Стикерлер арқылы
3.Бағалау критерийлерімен таныстырып,бағалау бетшесін тарату.
2. Үй тапсырмасы
1. “Біржан” өлеңін жатқа айту
2. Өлең шумақтарын қара сөзбен айту
3. “Даналық қоржыны” әдісі арқылы топтар арасында сұрақтар алмастыру.
3. Жаңа сабақты ашу
1. «Он сұрақ» әдісімен «соғыс» сөзі туралы оқушылардың түсінігін бақылау.
2.Ұлы Отан соғысы туралы оқушылардың ойларын жинақтау.
3. « Бауыржанның өз сөзі» бейнежазбасын көрсете отырып, батырдың қандай адам болғаны туралы оқушылардың пікірін тыңдау.
4. Нығмет Ғабдуллиннің өмірінен түсініктер беру.
4. Жаңа сабақты бекіту
1. Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс
А) Мәтінді дауыстап, әр топқа бөліктер бойынша оқыту Ә) Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің оқыған бөлімдерін түсіндіреді.
Б) Мәтіндегі түсініксіз сөздерді, сөз тіркестерімен танысып талдайды.
В) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап қайтарады.
5.Сабақты қорытындылау
«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісімен сабақты қорытындылау. «Сөздер банкісіндегі»тақырыпқа қатысты сөздерді «Біздің тақырып» блогына ауыстыру.
6.Рефлексия
1. «Стикерлер тобы» әдісі арқылы әр оқушы бүгінгі сабақ бойынша стикерге өз ойларын жазады.
2.Топ басшылары бағалау бетшесімен таныстырады.
7.Үйге тапсырма
1. « Батырдың мінезі» мәтінін түсініп оқу .
2. 7-тапсырма бойынша мәтінге байланысты сурет салу
3. Бауыржан Момышұлының өмірінен слайд жасау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 55 Kb |
Количество скачиваний: | 31 |