Нысанбай Жырау

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Нысанбай жырау Жаманқұлұлы – ақын, жырау. Тарихи

тақырыптағы Кенесары – Наурызбай дастанын жазған. Бұл
шығарма алғаш рет 1875 ж. Записки Оренбургского отдела
императорского русского географического общества журналында
жарияланды. Нысанбай жырау Жаманқұлұлы (1822, Сыр бойы –
1883, қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққошқар
мекені) – Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің
жыршысы. Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып,
көрген-білгенін жырға қосқан. “Кенесары – Наурызбай” атты көлемді дастанында көтеріліс басшыларын батырлар жыры дәстүрінде бейнелеп, заман шындығын отарлық езгіге қарсы көтерілген халық үнімен шебер қиюластыра білді. Жырда Кенесарының қырғыздарға жасаған жорығы, оның қаза табуы мазмұндалған. Дастан халық арасына кең тараған, алғаш 1875 жылы С.Жантөрин мен Т.Сейдалиннің аудармасымен “Записки Оренбургского отдела императорского русского географического общества” журналында орыс әліпбиімен қазақ тілінде басылды. Шығарманы 1912 жылы Қазан қаласында Ж.Л.Шайхысыламұлы жеке кітап етіп бастырды, 1923 жылы Ташкентте Х.Досмұхамедұлының, 1924 жылы Н.Төреқұловтың алғысөздерімен кітап болып шықты. 1996 жылы “Қазақ халық әдебиеті” атты көп томдықтың 17-кітабында жарық көрді. Нысанбай жыраудың шығармашылық жолын Х.Досмұхамедұлы, Е.Ысмайылов, І.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Тебегенов, т.б. зерттеді.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 227.5 Kb
Количество скачиваний: 248
Просмотров: 519

Похожие материалы