Оң және теріс сандарға есептер шығару

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Оң және теріс сандарға есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Оң және теріс сандарды ажырата білу дағдысын қалыптастыру, теориялық білімдерін тереңдету және жүйелеу.

Дамытушылық: Есептеу және өлшеу жүйесінде шамалардың өзгерістерін оң сандармен жәіне теріс сандармен жазу дағдыларын арттыру, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне жауап беру дағдысын қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: 

vОқушылардың алған білімдерін жүйелеу

vТақырып бойынша ой-қорытындылар жасау

vКүнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу

Сабақтың түрі: топтық, даралап оқыту

Сабақтың типі: білімді бекіту, қорыту сабағы

Сабақтың әдісі:  Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, деңгейлеп саралап оқыту.

Педагогикалық технология: ҮӨЖ, деңгейлеп-саралап оқыту

Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа сай слайдтар,  үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, оқулық, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар.

Қосымша дерек көздері: Анықтамалықтар, Оқулық, тарихи мағлұматтар, оқыту әдістемелігі және ғаламтор материалдары.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тарих.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері:

ØОқуға бағыт-бағдар беру;

ØТопта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

ØОқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

ØОң және теріс сандарды ажырата білуді үйрете отырып, білім негізін қалау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар оң және теріс сандарды ажырата біледі, күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады. Оң сандар мен теріс сандарды  өлшеу, есептеу жұмыстарында пайдалана алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі. «Ой қозғау»

ІІІ. Білімді пысықтау. «Топтастыру стратегиясы» және «Кестемен жұмыс»

IV.  Есептер шығару. (Оқулықпен жұмыс)

V. Сергіту сәті.

VI. Бекіту. (Сейкестендіру тесті)

VII. Қорытынды бөлім.

VIII. Бағалау.

IXI.Үй тапсырмасын беру бөлімі.

 

І. Ұйымдастыру бөлімі.  (5  слайд)

Сәлемдесу тренингі

Салем достым! (амандасады)

Сен қалдайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Оқушыларға қағазға жазылған сандар таратылады. Олардың таңдап алуларына байланысты «оң сан» алғандар 1-топқа,  «теріс санды» алғандар 2-топқа орналасады. 2 топқа оқушылар топтасады.

Бағалау  критерийі:

1.     Білімділігі

2.      Ойлау жылдамдығы

3.      Математикалық тілі

4.      Топпен жұмыс жасауы

5.      Жекелей жұмыс жасауы

 

 

 

 

Бағалау парағы

р/с

Оқушының тегі, аты

Талдау

Топпен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

Сәйкестендіру тесті

БАҒА

1

Бертіс  Мирас

 

 

 

 

 

2

Ерланұлы Ербол

 

 

 

 

 

3

Нүрәділ Ержанат

 

 

 

 

 

4

Мәлік Жаннұр

 

 

 

 

 

5

Серікова Данагүл

 

 

 

 

 

6

Абылаев Толағай

 

 

 

 

 

 

IІ. Үй тапсырмасын  тексеру  бөлімі. (6  слайд)

Ой-қозғау-3мин.

Бұл кезеңде үйге берген тапсырманы талдаймыз. Оқушылар үйден жазып келген оң сандар және теріс сандарға тиісті жауаптарын оқиды.

Теріс санға 3 мысалдан жазып келеді. Оң санға 3 мысалдар жазып келеді.

 

IІI.  Білімді пысықтау  -7 мин. (7 слайд)

1-топқа  «Топтастыру стратегиясы» беріледі.

Сандардың түрлерін және олардың қасиеттерін жазу қажет.

Оқушылар берілген тапсырманы жұп, топ болып жауап береді. Бір-бірінің ойларын толықтырады. Пікірлерін ортаға салады.

2- топқа «Кестемен жұмыс»

2013 жыл 31 қазан күні Қазақстан қалаларының ауа –райын оң және теріс сандар арқылы жазу керек.

 Оқушылар берілген тапсырманы жұп, топ болып жауап береді. Бір-бірінің ойларын толықтырады. Пікірлерін ортаға салады.

 

 

 

Қала атаулары

жылы

суық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

Оқушылар тапсырмаларды орындап болған соң, әр топтан екі оқушы шығып  жұмыстарын қорғайды.

 

IV.  Есептер шығару  (оқулықпен жұмыс) -20 мин. (8  слайд)

А деңгейінің есебі: карточка беріледі

            

             

В деңгейінің есебі: №429,  №430

С деңгейінің есебі: №438,  №441

Қосымша есеп: дидактикалық материалдан беріледі.

Екі топтағы әр оқушылар өз деңгейінің есептерін шығарады.

Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады.

 

V.  Сергіту сәті -3мин. (9  слайд)

1       топ оқушылары: жұмбақ жасырады.

1.     Нәрселерді санағанда,

          Керек ол бізге ауадай

          Айтыңдаршы бұл қандай сан

          Жан-жағыңа қарамай                                 (Натурал сан)

 

2.     Бүтін сан, бөлшек сан

          Барлығы да бар онда

          Бұл қандай сан айтыңдаршы

          Оң, теріс сан бәрі сонда                            (Рационал сан)

 

3.      Егіз туған қос жүйрік

Жарыса шауып терлейді

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да                       (Параллель түзу)

 

2-топ оқушылары: мақалдарды жалғыстыруды береді.

1.     Білікті бірді жығады,....

          (Білімді мыңды жығады.)

 

2.     Бір кісі қазған құдықтан, ...

          (Мың кісі су ішеді).

 

3.     Елу жылда, ...

          (ел жаңа)

VI.  Сәйкестендіру тесті -5 мин. (10  слайд)

Оқушылар тест орындайды. Тақтадағы жауабы бойынша жұптар бір-бірін тексереді және бағалайды.

1

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 15.79 Mb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 193

Похожие материалы