Онтогенез-организмнің жеке дамуы биология пәнінен 10 сынып

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Бекітемін:

Күні:

Сынып:10а(гум)

Сабақтың тақырыбы: Онтогенез– организмнің жеке дамуы. Биогенетикалық заң.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Онтонегенездің қалаптасуы және оның кезеңдері туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Бала организмінің даму кезеңдері, белгілері бойынша ажырата алу қабілеттерін дамыту жас ерекшелік қасиеттерін анықтай алуға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың биологиялық ғылымына қызығушылығын арттыра отырып, болашақ мамандыққа баулу. Өзара сыйластық, қамқорлық, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: микроскоп, микропрепараттар, адам денесінің моделі,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Адам меңгермейтін білім бар ма ?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы,үйрен,жас ұрпақ бәрін меңгер ,
Алға қойған мақсатың ісің бар да !

II. Үй тапсырмасын сұрау §34

  • 1.Тест тапсырмалары:
  • 2.Суретте не бейнеленген? (қосарланып ұрықтану, митоз, өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбейту)
  • 3.Термин сөздердің мағынасын табу.
  • Мағынасы қандай?
  • Гаметогенез-
  • Сперматогенез-
  • Овогенез-
  • Ұрықтану-
  • Зигота-
  • Моноспермиялы-
  • Полиспермиялы-

III. Жаңа сабақ: Жоспар:

  • 4.Онтогенез
  • 5.Эмбриогенез
  • 6.Постэмбриогенез

Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:

  1. Эмбриогенез - ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділер дернәсілінің сатылары).
  2. Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.

1. Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула (өсу) сатысы деп аталады. Осы саты кезінде қарқынды бөліну - митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық, қысқа интерфаза сатысында өсіп те үлгере алмайды. Бластуласатысында ұрыұ үсаұ жасушалар түрінде топтасып, бластомерлер деп аталады. Бұл «жасуша түйірлерінің» пішіні, жасушалар мөлшері, жасушаның орналасуы тірі мақұлықтардың түріне байланысты сан алуан болып келеді. Бластула - бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көпжасушалы ұрық. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады.

2. Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезенде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жапырақшалары; гаструла (қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін ең маңызды окиға - ұрық жапырақшаларының - жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы - эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіпгаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.

3. Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек желілілерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлындамиды.

I V. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар:

  • 1.Адам денесінің моделінен мүшелердің қай қабатта дамыуын айту.
  • 2.Сәйкестендіру.
  • 3.Сурет бойынша даму түрлерін көрсету.
  • 4.Тірек сызба құру.

V. Бекіту сұрақтары.

1. Онтогенез дегеніміз не?

2. Эмбриогенезді зерттеген ғалымдар?

3. Онтогенез ұғымын енгізген ғалым?

4. Постэмбриогенз сатылары қандай?

Мысал келтіру.

VI.Бағалау

Аты - жөні

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа тақырыпты қорытындылау

тест

Суретте не бейнеленген?

Мағынасы қандай?

Мүшелерді табу

сәкестендіру

Даму түрлері

Тірек сызба

1

VII. Үйге тапсырма :Оқып түсінік айту.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 4.37 Mb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 302

Похожие материалы