«Орманға қар не үшін керек?» Ертегісі:

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты: Қыс мезгіліне тән белгілер туралы түсініктерін кеңейту. Қардың қалай және қайда пайда болатыны және оның қысқы табиғаттағы рөлі туралы түсінік беру. Диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

Ойын құралдары: кейіпкерлердің маскалары

Ойын барысы:

Автор:  Бұл қоянның сәнді, үлпілдек құйрығы бар болған кез еді. Орманды қар басып қалған әрі-бері өту мүмкін емес. Орман ішімен қоян зытып келе жатты.

Қоян: Үйіліп қалғанын қарашы. Тұқымың құрып кеткір, қар-ай!

Автор: Мұны қайың басында отырған кәрі құр естіп қалады, құйрығын төмен салып, бұлтаң еткізеді де, былай деп тіл қатады:

Құр: Құр- құр- құр! Оу, қоян қайда асығып барасың?

Қоян:  Ой, бұл кім?

Құр: Қорықпа, мен құрмын ғой. Кімге ұрсып барасың? Кімді жерден алып, жерге салып барасың?

Қоян: Кімді, кімді дейді ғой (құлақтарын сілкілеп қойды). Қарды баяғы! Қайда барсам да, артымнан іздерім ұстап береді: біресе ит, біресе түлкі, біресе, тфә-тфә, тілім тасқа, қасқыр соңыма түспесе болғаны! Осы қар деген пәлені кім ойлап тапқан?

Құр: Қоян, сенікі дұрыс емес (басын шайқайды). Қар деген тамаша емес пе? Мына язды түнде қарға аунаймын. Түні бойы жып-жылы қардың астында жатамын.

Қоян:  Жоқ, жоқ. Қалай айтсаң да, қар зиянды нәрсе!

Құр: Неге, ол өте пайдалы (үрпие қарайды).

Қоян:  Жоқ, зиян!

Құр:  Пайдалы:

Қоян: Зиян! Кел, бәстесейік!

Құр: Бәстесейік, неге бәс тігеміз?

Қоян: Кел, онда құйрыққа бәстесейік (құлағын қасиды). Кім жеңілсе, сол өзінің құйрығын кесіп береді. Құреке, сол кезде көрерміз, жұрттың мазағына қалмағаныңызды.

Құр:Оны әлі көре жатармыз (бұртияды).

Автор: Сөйтіп, Құр мен Қоян дауларына төреші іздеп келе жатса, алдарынан Тышқан кезігеді.

Құр: Ей, Тышқан, дауымызды шешіп бер, сен қардың астында қалай өмір сүресің?

Тышқан:  Жақсы, Құреке. Бізге қардың асты жылы, ыңғайлы және тыныш.

Қар жамылығы бізді тек аяздан ғана емес, жапалақ пен түлкіден де қорғайды. Қарлы шатырдың астында жасыл шөп те, күзгі жидек те және әр түрлі тұқымдар да көп табылады.

Құр:Естідің бе, қалқаң құлақ? Екеуіміздің қайсымыз жеңілген? Қане, құйрығыңды бер!

Қоян: Қуын қарай көр! Біз әлі басқалардан да сұраймыз.

Автор: Содан олар ары қарай жүгіріп кетеді. Аюға барып еді, оны тәтті ұйқысынан ояту қиын болды. Соған қарағанда қардың асты оған  жайлы. Торғайлардан сұрап көріп еді, олар жауап бермеді, Осылай Қоян мен Құр қыс бойы дауласып шықты. Сөйтіп жүргенде көктем келді.

Құстар:  Қардың көп жауғаны қандай жақсы болды. Қараңдаршы, айнала жап-жасыл. Яғни, тәтті дәндер мен жидектер көп болады.

Бидай: Қардың көп болғаны қандай жақсы болды. Мен оның астында аязға үсіп кетпей жақсы қыстап шығамын. Ал оның жер-анасы суға қалай тойдырғанын айтпай-ақ қояйын! Біздер қап-қалың, биік болып өсеміз. Егін бітік шығатын болды.

Автор: Барлық тіршілік иелері қысты жақсы сөздермен естеріне алып жатты.

Міне, дау да шешілді.Қоян қалай бұлтарса да жеңілуге мәжбүр болды. Оған өзінің құйрығымен қоштасуына тура келді. Содан бері қоянда құйрық та емес, құйыршық та емес, бір нәрсе қалды. Осымен ертегіміз аяқталды, кім тыңдады, соларға рахмет.

 

Тип материала: Неизвестен (jpg)
Размер: 23.25 Kb
Количество скачиваний: 1
Просмотров: 80

Похожие материалы