Қош бол, сүйікті балабақшам!

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ БАЛАБАҚШАМ!Біз қыз бен бір бала орта шығады. Қыз: Бүгінгі жарқыраған әдемі залда балабақшамыз балаларын мектепке шығарып салады.Бала: Бізде өсіп жетеміз, мектепке де кетеміз! Жалпы мен дайынмын. Қыз: (басын шайқап, алақанын жайып). Қандай шыдамсыз едің, өзің.Бала: Ой кешіріңіздер, орта балабақша түлектерін шақырайық. Балалар залға вальс қимылымен келіп жарты шеңбер етіп тұрады.Жүргізуші: Құрметті балалар, осы балабақшада көңілді де, қуанышты, қызықты мерекелерді бірге өткіздік.Ал бүгін сендер үшін бақшадағы соңғы қоштасу мерекесі. Енді сендер балабақшадан қарлығаштай ұшып шығып, мектеп табалдырығын аттағалы отырсыңдар. Сендерге тілейтініміз, талаптарың таудай, қанаттарың талмай биіктерге самғай беріңдер!Ал, құрметті ата-аналар, балаларыңыздың алғашқы қадамдары құтты болсын!Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді, Сәбилерім жүздеріңде нұр тұндыБізден ұшып, қанат қағып, есейіпӨздеріңмен, қоштасатын күн туды.Бәріңді де, сәбиім деп сүйетін,Өздеріңді сағынып біз жүрейік.Құтты болсын, қадамдарың аттаған,Біз сендерге сәтті сапар тілейік!Хор: Үйренеміз бақшадан біз.Жүргізуші: Өлең сөздің патшасы сөз сарасыҚиыннан қиыстырар ер данасыТілге жеңіл, жүрекке жылы тиіпТеп-тегіс жұмыр келсін айналасы-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпағына берейік.Үкілім, Еламан, Инбат, АяулымДауыстап қария кіреді.- Алпамыс! Ау, Алпамыс, қайдасың?- Амансыңдар ма, балаларым. Менің немеремді көрдіңдер ме? Балалар мектепке баруға дайыдалып жатыр дегенді естіп, оның тынышы кетті. Мен де мектепке барамын-деп әбден есімізді шығарды. Өзі әлі алтыға толған жоқ. Өзі әріптерді, сандарды, өз бетінше үйреніп алған. Алпамыс: ата, мен мұндамын.Атасы: Айналайын, балашымТаң мен қайда барасың?Алпамыс: Апайлар, менде мектепке барғым келеді. Мен оқида, жазу да, санау да білемін.Міне; 1+1=2, 2+2=4, 3+3=6Алыңыдаршы мен мектепке. Жүргізуші: Сәл кідіріп. Айналайын, АлпамысБілім жолы тым алысҚажет етер баладанДайындық пен қамданысАлпамыс сен атаңның айтқанын тыңда.Алпамыс: Жарайды.Жүргізуші: Атаң екеуің отырып біздің ертеңгілімізді тамашалаңдар.Біздің балалар бүгін алтын ұя балабақшасымен қоштасуда. Олар балабақшада көп нәрселерді үйренді.Міне біздің балалар 1-10 дейін тура және кері санайды, орыс тілінде, ағылшын тілінде санайды.Жүргізуші: Алпамыс, сен жақсы бала екенсің, бізге сендей бала керек. Балалар Алпамысты ортамызға қабылдаймыз ба?Балалар: ия деп жауап береді.Алпамыс: Алақай, ата мен де мектепке барамын.Ата: Олай болса, Алпамысты сендерге тапсырдым. Мен шаруаларымды реттеймін.Жүргізуші:Бүгін қызық бүгін той Біздер үшін біліп қойӘнге салып, би билепЖалғастырсын ойды-ойӘн: Мен, мен едім. Орын. Сағыныш.Құшағында жарқындапӨтті сәби күндерімБи биледім, ән тыңдапАлаңдауды білмедімКішкентай қыздарымыздың шаттың биін тамашалаңыздар. (көңілді әуенмен Қожа мен Сұлтан кіреді.)Жүргізуші: Оу, бұл кімдер?Қожа: Менің атым Қожа! Ал, мына менің досым Сұлтан. Біз көрші ауылға сабантойға бара жатырмыз.Жүргізуші: Қайдағы сабан той? Сабақ ше?Сұлтан: Басыңды қатырып, неге керек сол оқу? Мен мектепке барған емеспін. Сонда да аштан өліп, көштен қалған жоқпын. Әкемнің жылқыларын бағамын. Жүргізуші: (таңданып) сонда қалайша сені ата-анаң мектеп апармады ма?Сұлтан: Апарды ғой, бірақ маған ұнамайды. Мен оқымаймын дедім. Күштеп апармақшы болды, көлге қарай қаштым. Сосын әкем, оқымасаң оқымай ақ қой деп райымнан қайтты. Қожа: Сықылықтап күліп, ой қатырған екенсің.Жүргізуші: Бүгін бізде той, келіңдер білім салыстырып ойнайық. Ойын: Әріптерден сөз құрастыр. (мектеп, ана, отан) Сұлтан: Сол да ойын ба екен?Одан да асық ойнайық немесе күресейік Сұлтан «Білегің сыбанып»-Кәне, кім менімен күреседі. Былтырғы сабантойда сендердей майшабақтардың оның жыққанмын. Жүргізуші; Оның не сен үлкен баласын гой, жігітсің.Сұлтан: Менің бойым ұзын болғанмен арықпын ғой. (балалардың қасына барып, қолының бұлшықеттерін көрсетеді.)Жүргізуші: Одан да біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңдар. Сұлтан: Қой Қожа кеттік, бұл жерден. Түк қызық емес. (екеуі кетіп қалады).Енді кезекте балаларымыздың тақпағын тыңдаңыздар.Аружан, Ақнұр, Диана, Раяна.Жүргізуші:Ұйықтап жүректі ән оятар,Әннің тәтті оралған мәні оятар-демекші кезекті әнге береміз. Иманғалидың орындауында «Көк тудың желбірегені»Сұлтан мен Қожа қойларың айдап қайта кіреді. Арасында қойларын теуіп қояды. Әй, Қара көже неғып тұрсын бері айда. 1. Малды тебуге болмайды. 2. Досыңды мазақ етуге болмайды. 3. Досыңды сатпа.(Балалар айтады)Сұлтан таңданып, кіп-кішкентай болып мұның бәрін қайдан білесіңдер?Бала: Бізге тәрбиешілеріміз үйреткен.Сұлтан: Тәрбиеші деген кім?Бала: Апайларымыз, бізді сурет салуға, әріп үйренуге, санауға үйретеді. Жүргізуші: Балалар ендеше жұмбақ есеп шығарайық. Пісіп тұрған төрт алмұрт,Қызығатын көрген жұртЕкі алмұртты бұтақтанАлып келді МұратханҚанша қалды алмұрттан. (екеуі)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 97.58 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 134

Похожие материалы