Қош бол, құтты Әліппем! 1 класс
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Боранбаева Айгул Алдабергеновна
|
1.Сырлы әріптер сыр түйіп,
Сабырмен маған қарайды.
Сырларын білсем бас иіп,
Керегіме жарайды.
2.Қолыма тұңғыш қалам ап,
А әрпін алғаш жазғанмын
Біліп ап А-ны саралап
Б-сына көзді салғанмын.
3.Осылай барлық әріпті
Есіме түйіп алғанмын
Нұрлы әріппен жарықты
Жүрегіме жаққанмын
4. «Әліппе» деген –алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ,ауыр жол ,
Тырысып бақ намысқа!
5.Бар кітапқа бас болған,
«Әліппеден»- басталған.
«Әліппе» -ғылым ағасы,
Даналардың данасы.
Сендерді бар ғылымның беташары-әліппені аяқтауларыңмен құттықтаймын!Әліппені аяқтау-білім сарайына есік ашу деген сөз.Әрі қарай басқа кітаптар оқисыңдар,білімдеріңді молайтасыңдар.Жақсы оқитын болсаңдар ата-аналарың қуанады,біз де қуанамыз.Сондықтан да сендерге жақсы оқыңдар,ата-аналарыңды тек жақсы бағамен қуанта беріңдер,дендерің сау болсын дегім келеді.Ал ата-аналар сендерді де балаңыздың әліппені аяқтауымен құттықтаймын.Осы мейрамға орай дайындаған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.43 Kb |
Количество скачиваний: | 28 |