"Қош бол, құтты Әліппем!" мерекелік іс-шарасы

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: “Қош бол,құтты Әліппем!”
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу

1-ж.Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

2 – ж. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында  жауқазындай  құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
       Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!  1  сынып оқушыларының  «Білім кілті- Әліппе!»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Балалардың  қолдарына  тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы-Әліппе! Бұл кітап-бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.

  Әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды  ортаға шақырайық.

Армысыздар әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық,

 

 Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.18 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 225

Похожие материалы