Қош бол,Бастауыш!

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
«Қош бол, бастауыш сыныбым!» сынып сағаты Мақсаты: Білімділік: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Дамытушылық: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. Тәрбиелік: Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайдтар. Қанатты сөздер. Кіріспе сөз: Мұғалім: «Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! 1-ж:Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. 2-ж:Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. « Қош бол, бастауыш !» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 3-сынып оқушыларын ортамызға! Мектептегі /хормен/ Ұ-Ұстанымыз С-сырласымыз Т-тірегіміз А-ақылшымыз З-зейін салатын   ҰСТАЗ 1 Ұстаз:Армысыздар, әріптестер қымбатты! Армысыздар әкелер - аналар! Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби - еркелер! Оқушылар: 1- Нәріңді беріп құрғатпай, Сусаған шөлді қандырған. Сәулеңді шашып жүрекке, Жанның отын жандырған.                                 2- Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын, Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін. Тыншымайтын асыл жандар аяулы, Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.                              3- Кеп кешегі тосырқау қайда қалған. Шықпаушы еді бір елі айналаңнан. Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе. Жан дүниесін баланың жайлап алған.                              4- Ұстазы ғой әліпбиді үйреткен, Көкейіне көрік беріп, гүл еккен.  оқытып, өркендетіп өсіріп, Жалындатып, жанарына нұр еккен                                     5- Жадыраған жаздай жылы жаны бар, Жақсылықтың шырағы боп жағылар. Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал!   Ш-шынығатын, Ә-әрқашан, К-көмек күтетін, І- ізденетін, ризашыл, тәрбиеленуші.   ШӘКІРТ /хормен/ 2-жүргізуші:      Армысыздар жас достар Болашаққа жол бастар.                                 Білім деген ғажаптың Келешегі қазақтың Басталады сендерден.- деп  4- сынып оқушылары, бүгінгі күнгі түлектерді ортаға шақырайық /Тақпақтар айтылады / Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына деген өз өнерлерін бірге тамашалайық!. 1 оқушы: Мектебім - сүйікті мектебім, Бауырыңда түлеймін, көктеймін. Сен – бұлақ, мен - қайың бүр ашқан, Өзіңнен нәр алып көктедім. 2 оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай. Әрқашан қасиетті атың маған. 3 оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, Алтын ұя, ақ босаға киелі. Қанат қаққан білім алып өзіңнен, Күллі шәкірт саған басын иеді. 4 оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. Ән: «Мектебім»         1 Ән: «Ұстазым менің ұстазым» Ән: «Алғашқы ұстазым» 2Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен, Аластайтын жаныңды күз көңілден. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. Балаларды мақтау қағазымен марапаттау Құттықтау сөздер  Ізбасарға тілек Оқушылар ортаға шығады;  ТҮЛЕК /хормен/  талпына, үлкен, лайым, ерлік, көрсетіңдер! Ізгі, зор, болашақ, армандарыңа, сенімділікпен,атқаруға, ризамыз! ІЗБАСАР /хормен/ 1-ж: Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Ән: Нұр Отан Ұстаз тілегі: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, Сенімдердің айналыңдар серперіне. Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,  Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе. Мұғалім: Ал ата - аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді. Хош сау болыңыздар!
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 271

Похожие материалы