"Қош бол,құтты әліппем ! " атты 1-сыныпқа арналған ертеңгілік.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Исатаева Замзагуль Ораловна
|
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу
мәдениетін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.Адамгершілікке,
ұқыптылыққа, бір - бірін сыйлауға, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, ана
тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
- Балалар, өнер - білімнің барлығы да мектептен басталады.
- Біздің білім алатын ордамыз - мектеп.
-«Мектеп - кеме, білім - теңіз». Мектеп – екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.
1 оқушы: Мектебің мынау, сыныбың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ән: «Үйретеді мектепте»
1оқушы:Бар кітапқа бас болған
Әліппе –ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
2оқушы:Әліппем,менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
3оқушы: Әліппені құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет.
Дақ түсірмей бір бетке.
4оқушы: Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
5оқушы: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертегі,
Үйретті оны Әліппе.
6оқушы:Жақсы кітап –Әліппе
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым.
Әліппемен достастым.
А-дан бастап әріпті
Түгел маған танытты.
7 оқушы:Қош бол,құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 28.63 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |